Жұма, 26 Сәуір 2024
Күбіртке 6108 12 пікір 31 Тамыз, 2020 сағат 10:13

Тарихқа күл шашу қашан тоқтайды?

Беларуста орын алған оқиғадан кейін іле-шала бұрынғы ТМД елдерінде Ресейдің неоотаршылдық саясатына қарсылық бір елде – бәсең, енді бір елде – ашық бой көрсете бастады. Оған себеп Ресей билігі мен БАҚ-та жарық көрген мәлімдемелер. 

«Естеріңізге саламыз Кеңес Одағы тарағаннан кейін жаңадан пайда болған барлық республикалардың ішінде тек бесеуі ғана  (ұлттық бірегейлігі әм мәдени қалыптануы бойынша) өзінің дәстүрлі мемлекеттігіне ертеден егелік етті. Оған Ресейден өзге, Армения, Гүржістан, Литва мен Молдавия жатады. Қалғандары Ресей Империясы немесе Кеңес Одағы кезінде әкімшілік-аумақтық және ілкімемелекеттік бірілік ретінде құрылды» деп бес түркі мемлекетінің (Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Әзербайжан) тарихына күмән келтіреді.

Аталған мақала авторы одан ары: «Мысалға Орталық Азияны алатын болсақ, олардың ресейлік мәдени кеңістіктен ірге ажыратуы әрі тез, әрі жылдам жүзеге асты. Бұлай болатыны «ресейшілдіктің» өкілдері негізінен қалаларда, оның ішінде Ташкентте тұрды. Олар бірнеше жыл осы тәуелсіз мемлекеттердегі «қуаныштың» кермек дәмін тартып, Ресейге, Америка және Еуропаға біржола ауа көшіп, олардың орнын «қышлақта» тұрғандар басып, ауылдық мәдениеті мен дүниетанымдарын өздерінің бірге ала келіп сіңірді.  Сол себепті бірқатар орталық азия елдерінде бұрын болмаған жалған хандықтар өмірге келіп, өзбек қазақ пен тәжіктен көне ұлт екенін немесе Қырғыстанда өзбекке неге орын жоқтығын бір-бірне дәлелдеп көбік ауыздана түсті» деп ортақ тарихи өткенімізге күл шашады.

Орыс әлемінін қайыра құруға шақыруларға байланысты Орта Азия елдері үнсіз қалғанымен әзербайжандар үнсіз қалған жоқ

Жатқан жыланның құйрығын кремль сандуғашы В.Соловьевтің ФБ «Забавно. Написал, что собираю инфо к завтрашнему эфиру о происходящем в Карабахе, как началась истерика на азербайджанских сайтах» деген посты басты. Оған жауап ретінде Әзербайжан сайттарында «Запредельное омерзение: «соловьевщина» против Азербайджана», "Россия объявила Азербайджану информационную войну, "Приостановит ли правительство Азербайджана вещание российских телеканалов? атты ақпараттық қарсы соққы берілді. 

Бір өкінішітісі Орталық Азия елдерінің саяси серкелерінің «орыс мәдени әлемінің ыдырауына» өз бағаларын бермеуі. Беларустағы оқиғадан кейін ТМД әлемі өзгерді. Орыс ақпараттық басқыншылығына тосқауыл қойып, тең дәрежедегі әріптестікті талап ету дәуірі туды. Қазақ саяси элитасы осыған дайын ба?! 

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

12 пікір