Бейсенбі, 22 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 109907. Жазылғандар — 105385. Қайтыс болғандар — 1796
46 - сөз 1846 7 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 14:13

Депутат болған бизнесмендер әкімнің сыбайласы болып шығады

Мынандай бір жәйт бар. Біздің елде 216 Маслихат бар екен. 3000-ға тарта әр-түрлі деңгейдегі депутат бар. Енді қараңыз, осы 3000-ға тарта депутаттың 2% ғана 35- ке толмаған жастар. Ол қай партиядан екені онша маңызды емес.

Бізде қандай болсын партияның бір ауруы бар. Басшы органдарда егде адамдар және бизнесмендер. Басқа, жас, қоғам белсендісі, мұғалім, дәрігер депутаттықта өте тапшы.

Біз бизнесменге қарсы емеспіз, керісінше, бизнестің дамығанын қалаймыз.
Өкінішке орай, Мәслихатқа депутат болған бизнесмендер жергілікті әкімнің сыбайласы болып шығады. Бюджетті бірге мүжиді, айтқанынан қайтпайды, кез келген құжатты бекіте береді. Осы шеңберді бұзу керек. Барлық деңгейде жас, принципті позициясы бар, мемлекетшіл тұлғалар келуі тиіс.

216 Маслихатқа әрбіреуінде сондай бір-екі тұлға отырғанның өзінде жағдайдың өзгеретіні анық.

Бір ғана мысал, Нұр-Сұлтан қаласында кем дегенде, бір принципті депутат болғанда биыл, пандемия кезінде, бюджеттен жол салуға 97 млрд.теңгені бөлдірмейтін еді.

Аудан,қала, облыс бюджетін Маслихат депутаттары бекітетінін есте сақтау керек.

Ерлан Саировтың жазбасы

Abai.kz

7 пікір