Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3154 10 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 13:50

Беларусьтегі «Желтоқсан жаңғырықтары»

Лукашенконың Минскідегі МЗКТ зауытында айтқан бұралқы сөзі белорусс халқын қатты ашындырды. Бұл енді президент айтатын сөз емес еді. Өз таңдау құқығын қорғап, көшеге шыққан жүз мыңдаған қарапайым жандарды ол «бандиттер, маскүнемдер, нашақорлар» деп масқаралады. Намысына тиді. Ширек ғасырдан аса биліктің буына пісіп, өз тағынан айырылғысы келмеген диктатордың бұл жан айқайы жәй ғана сандырақ емес еді. Ол кешегі миллиондаған адамның қанын судай сапырған, қызыл террорды ұйымдастырған коммунистердің қалдырып кеткен «мұрасын» қайта жаңғыртты.

Біз мұны өз азаттығымызды аңсап, көшеге атойлап шыққан албырт шағымызда – 1986 жылдың әйгілі Желтоқсанында естігенбіз. Біз мұны күні кеше ғана Қордай оқиғасында естігенбіз. Әлі де естіп келеміз. Тоталитарлық жүйенің тамыры тереңге кеткен басқару әдісінен арылмайынша, қарапайым халық дауыс көтерсе болды, міндетті түрде «бандит, маскүнем, нашақор» болып шыға келеді. (З.Камалиденовтің СОКП Орталық Комитетіне жазған құпия хатын қараңыз. 1987 жыл 6 қаңтар. Желтоқсандықтардың әрекетіне ол «...националистические вылазки хулиганствующих групп молодежи...» деп баға беріпті.).

Жаңа ғасырда соның жаңғырығы әлі басылмапты. Белоруссиядағы жағдайды көріп отырмыз. Сол баяғы жартас! Баяғы тоталитарлық көзқарас! Өзгермеген.

Ұлы Желтоқсанда Ресейден әкелінген мұздай қаруланған қалың әскер, БТР, өртсөндіргіш машиналар қазақтарды қайта бас көтермейтіндей етіп, жайпап салды. Алматы қаласының 70-разъезінде арнайы танк полкі қаланы қоршап, үрей туғызып тұрды. Көшеге қалың әскермен бірге, коммунистік биліктің айтақтауымен жұмысшы жасақтары шықты. Соның салдарынан мыңдаған жазықсыз қазақ жастары ауыр жарақат алды. Абақтыға тоғытылды. Сотталды. Атылды.

Бүгінгі Белоруссияда сондай жағдай қайталанбасын деп тілейік! Луканың Ресейден көмек сұрағаны рас болса, арты сұрапылға ұласуы бек мүмкін. Лайым, өтірік болғай!

Осы бір сындарлы сәттерде беларустар нағыз ер екендіктерін көрсетуде! Ынтымағы берік, мәдениеті биік, көзі ашық халық екендіктерін әлемге таныта білді! Демократияны қолдайтын бүкіл әлем жұртшылығы оларға қолдау білдіруде. Соған қарағанда, диктаторлық биліктің сағаты санаулы қалған сияқты...

Қайым-Мұнар Табеевтің жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2274
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3591