Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 2894 1 пікір 26 Тамыз, 2020 сағат 12:39

Мораторий. Бізде қанша уақыт қалды?

Жер кодексінің АШ жерлерінің белгілі бір баптарына жарияланған, маратория уақытының бітуіне бір жарым жыл қалғаны бәрімізге белгілі.

Осы уақытқа дейін мараторияда көрсетілген баптарға халықтың талабына сай өзгерістер енгізу бойынша, мардымды ешқандай жұмыстар атқарылған жоқ.
Нәтижесінде, күн өткен сайын ағайынның алаңдаушылығы артуда.

Дәл осылай кете берсе, мұның соңы не болмақ?
Ендігі қалған уақытта не істеуге болады?

Кез-келген заң парламентте қаралуы үшін, алдымен парламентте қаралатын заңдардың күн тәртібіне енгізіліп, парламент отырысында талқыланатын күні бегіленеді.Содан кейін, сол заңның жобасын әзірлеуге тиісті министірлікке жолданады.
Өз кезегінде, министірлік сол заңды зерттеп, белгіленген уақыт аралығында дайындап шығып, парламентке ұсынады. Ары қарай сатылап президенттің алдына барады.
Мұның бәрі бір жарым-екі жылдық шаруа.

Ал, бізде қанша уақыт қалды?
Мінекей!
Дәл бүгін біздердің болашақта сатылап атқаруымыз керек жұмыстарымыздың, стратегиялық жоспарын құрып алудың маңызы өте жоғары.
Содан кейін, сол жолмен ынтымақтаса жүріп өтуіміз керек болады.

Осы сұрақтар бойынша төмендегідей стратегиялық қадамдарды ұсынамын.

1) Жер кодексінің мораторияда тұрған баптарын, парламенттің алдағы жұмыс жоспарына енгізілуіне ықпал жасау.

2) Осы баптардың парламентте қаралатын күні нақтыланып, заң жобасын әзірлеуге АШМ-не тапсырылған күннен бастап, қоғам белсенділері АШМ-мен біріккен комиссиясын құруға ықпал жасау.

3) Біріккен комиссияның өңірлерде штабы ашылып, өздерінің ұсыныстарын жоғарыдағы жұмысшы тобына жеткізіп отыру.

4) БАҚ құралдарынан жер қозғалысына арналған тұрақты айдар ашу арқылы, әрбір іс-қимылын жариялап отыру.

Қосар ойларыңыз болса мархабат.

Рүстем Ашетаевтың жазбасы 

Abai.kz

1 пікір