Бейсенбі, 7 Шілде 2022
Қоғам 7618 8 пікір 26 Тамыз, 2020 сағат 12:11

Қазақ мұнайын кімдер иеленіп отыр?

2019 жылғы дерек бойынша, елімізде әлемнің 15 еліне тиселі 86 мұнай өндіретін ірілі-ұсақты компания тіркелген. Олар биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында 44,9 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді. 

Солардың ішінде таза отандық компания «ҚазМұнайГаз»  – 26% нарыққа иелік етіп, елімізде өндірілетін мұнайдың 23,6 млн тоннасын ғана еншілеп отырған жайы бар. Қалған 5,9%-ы өзіміздің ұлттық шағын компаниялардың үлесіне тиеді.

Отандық мұнай нарығын қалт етпей бақылап отырған KazService мәліметіне сенер болсақ, алғашқы үштіктің көшін  – 29,5% немесе 26,747 млн тонналық үлесімен АҚШ бастаса, қазақтар төл байлығын игеруде одан бір саты төмен жайғасып, 29,5% немесе, 26,714 млн тоннаға жетіп жығылады, ал, ҚХР –17,7%, немесе 16,051 млн тоннамен үшінші орынға табан тірейді. Еуропа мен Ресей –17,1% мен 3,3% млн тонна мұнай өндіруді өзара иеленуде.

Соңғы 30 жыл ішінде елімізге мұнай өндіру саласында әлемнің 15 елінен инвестор тартылды. Дәтке қуат болатыны Ата Заңымызда қазба байлығы қазақ елінің меншігі деп жазылғаны, бірақ оны инвесторлардың қалай пайдаланып жатқанында күмән да, күдік те бар. 

Бұрғылау жүргізудегі отандық бизнестің үлесі –  57%-ды құраса, Қытай жағы – 23% өз қолына алып отыр. Теңіз мұнай кеніші арқылы 1990 жылдардан сенімді бизнес серіктес болып келе жатқан АҚШ геофизика мен геологияға жете ден қойып, осы басым бағыттың – 54%-ын өз уысында ұстауда. Біздің елдің бұл саладағы үлесі – 27%-дың көлемінде және қазақ-америка бірлескен өндіріс орындарының саны – 2%-дың төңірегінде. 

Қазақ мұнайын Ресей де емес, Қытай да емес, теңіздің арғы жағындағы АҚШ саяси әм экономикалық жақтан өз мүддесіне жаратып жатыр. Қалай жаратып жатқаны мүлдем өзге әңгіме.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Ақмылтық

«Қиялшылдар клубы»

Әміржан Қосан 2319
Анық-қанығы

Кімнің кім екенін біле жүрсін деп...

Ауыт Мұқибек 1782