Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Вакцина 2470 7 пікір 25 Тамыз, 2020 сағат 13:21

Министр Цой Мәскеуге не үшін барды?

11 тамыз күні В.Путин коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасының тіркеуден өткенін мәлімдеді. Гамалея орталығы жасаған "Спутник V" вакцинасы барлық сынақтан сәтті өткен. Ал, күні кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ресей вакцинасын сатып алу туралы келісім жүргізу үшін Мәскеуге барыпты.

Бағдат Қожахметов: "Коронавирусты жеңе алмауымыздың басты себебі ...

Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлаған.

«Министр бірлескен делегация құрамымен Мәскеуге ұшып кетті. Бұл жыл сайынғы мемлекеттер арасындағы үкіметаралық кездесулер, экономикалық және қаржылық жобаларды талқылайтын алаң.

Осы сапар аясында денсаулық сақтау саласын бірлесе дамыту және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны сатып алу мәселесі де қарастырылып отыр. Егер ресейлік, америкалық немесе басқа шетелдік вакциналар халықаралық серфикаттар бойынша барлық қажеттілікті қанағаттандыратын болса, оны еліміз сатып алуға ниетті. Ешқандай айырмашылық жоқ, мейлі америкалық болсын, ресейлік болсын, бастысы ол халықаралық стандарттарға сай келуі тиіс»,- деді Қожахметов.

Қожахметовтың айтуынша, қазір коронавирустың таралуын тежейтін вакцина әзірлеп жатқан 10 өндіруші бар.

«Бұлар індеттің бетін қайтаратын ем-дом тәсілдерін іздестіруде. Клиникалық сынақтың үшінші, төртінші сатыдан өткесін барып сертификат алады.

Коронавирусқа қарсы вакцина ойлап табатын елдермен тез арада меморандумға отырып үлгеру керек. Халықтың 10 пайызын ерте бастан егу қажет деген ДДСҰ-ның ақыл-кеңесін ескеруге тиіспіз. Түптеп келгенде вакцинаның қай елде жасалғаны маңызды емес»,- деді министрлік өкілі.

Алексей Цой стал главным в правительстве на время пандемии

Цой: Вакцина ерікті түрде жасалады

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі вакцинаның ерікті түрде жүргізілетінін айтқан.

«Қоғамдық денсаулық сақтау кодексіне сәйкес бізде міндетті және ерікті вакциналар бар. Біз коронавирусқа қарсы вакцинаны ерікті түрде енгізуді қарастырып жатырмыз. Себебі ұзақ мерзімді нәтижелер мен әсерлер әлі мұқият зерттелген жоқ. Бірақ бізде рұқсат болуы керек, Қазақстанда вакциналарды қолдану мүмкіндігі бар» , - деген еді Цой.

Сонымен қатар, министр вакцинаның қауіп-қатерге душар болған адамдарға, дәрігерлерге, қарттар мен созылмалы аурулары бар науқастарға тегін болатынын айтқан.

Жауапкершілік кімнің мойнында болады?

Сондай-ақ, Цой аталған вакцинаға қатысты жауапкершілік кімде болатынын айтты. Аталған вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігін қадағалайтын арнайы комиссия құрылады екен.

«Бізде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы бар, ол кез-келген өнімнің, оның ішінде вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалайды. Біздің бағалауымыз халықаралық заңнаманы толығымен қайталайды, бірдей талаптар қойылады. АҚШ пен ЕО-дағы қағидаттар бірдей және мерзімдері бірдей», - деді министр.

Алайда, кез-келген дәрі-дәрмекке жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.

«Комиссия құрылып жатыр, ол вакцинаның қалай жеткізілгенін, оның барлық сатыларда қаншалықты жақсы сақталғандығын, дұрыс енгізілгендігін, қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын және дәрі-дәрмектің сапасын тексереді.

Егер, мысалы, вакцина қарсы аурулары бар кейбір науқастарға салынса,  бұл вакцинацияға рұқсат берген дәрігердің жауапкершілігі. Егер мәселе сапаға қатысты болса, онда жауапкершілікті вакцинаны бағалаған алады. Егер логистикалық талаптар бұзылса, дұрыс емес жағдайда тасымалданған болса, онда логист маман жауапты болады», - деп түсіндірген Цой.

Айта кетейік, бұған дейін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігіндегі шенеуніктер қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысатыны туралы сұрақ қойылған. Қожахметов ол туралы Алексей Цоймен сөйлескенін айтқан. Сонымен бірге ол дайын вакцинаны кем дегенде алты ай күтуге тура келетінін түсіндірді.

Ал, министр Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстан да өзінің вакцинасын жасап шығарған. Ол жануарларға сынақтан өтіп, жақсы нәтиже көрсеткен. Вакцина әрі қарай еріктілерде сынақтан өтетін көрінеді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3519