Жұма, 29 Наурыз 2024
Өзгелер 3139 15 пікір 24 Тамыз, 2020 сағат 13:38

ЕО Лукашенконың президенттігін мойындамады

Еуропалық Одақтың сыртқы және сыртқы қауіпсіздік саясатының жоғары өкілі Жозеп Боррель Александр Лукашенконың сайлаудағы жеңісін мойындамайтынын мәлімдеді. 

Ол Лукашенкомен дипломатиялық байланыс жасау үшін диалог орнату қажет екендігін айтқан.

«Біз оны мойындамаймыз, бірақ онымен диалог орнатуымыз керек», - деді Боррель.

Сонымен қатар, Еуропалық Одақ өкілі Лукашенконы заңсыз сайланған Венесуэла президенті Николас Мадуромен салыстыра сөйлеген.

«Бұл сізге ұнай ма, ұнамай ма, бірақ, олар үкіметті басқарып отыр. Біз олардың демократиялық легитимдігін мойындамасақ та, байланыста болуымыз керек», - дейді Жозеп Боррель.

Бұған дейін Abai.kz акқпараттық порталында Лукашенконың сайлаудағы «жеңісін» әлем лидерлері арасында кімдердің мойындап, кімдердің мойындамағаны туралы егжей-тегжейлі жазған едік. Онда Балтық елдері мен АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания сынды мемлекеттер Лукашенкоға қарсы халық наразылығын қолдайтыны айтылған.

Сонымен қатар, Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель:«Беларусьтегі сайлау әділ әрі еркін өткен жоқ. Бейбіт шерушілерге көрсетілген күш бәрімізді таңқалдырды және ол талқылауды қажет етеді. Кінәлілер жазалануы тиіс. ЕО санкция салу мәселесін ақылдасып жатыр», - деген болатын.

Лукашенконың президенттігін мойындамайтын Еурокомиссия төрағасы мен 8 мемлекет бірлескен мәлімдеме жасап, Белорусьтегі сайлаудың еркін әрі әділ өтпегенін мәлімдеген. Ал, Еуропарламент депутаттары Лукашенконы Еуроодақтағы нон-грата тұлға деп танитындарын айтқан.

Алайда, Беларусьтегі сайлаудың ресми қорытындысы шыға салысымен бірнеше мемлекет басшылары Лукашенконы құттықтап үлгерді. Олардың қатарында Қазақстан да бар.

Президент Тоқаев «Қиын саяси кезеңде өткен президенттік сайлаудың қорытындысы – Сіздің Беларусь егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту жолындағы стратегиялық бағытыңызға деген халықтың қолдауын көрсетіп отыр», - деп жазған.

Одан бөлек, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова, Әзірбайжан, Тәжікстан сынды мемлекет басшылары Лукашенконы қайта президент болуымен құттықтады.

Дегенмен, демократиялық қоғамның сынына үшыраған Беларусь билігіне қатысты Қазақстан әлі нақты позиция білдірген жоқ. Тек халық наразылығына қатысты одақтастар күшін қолдану туралы ҚР Сыртқы Істер министрлігі пікір білдірген

«Барлығы біздің міндеттемелеріміздің аясында болады. Егер ол сәйкес келсе, тиісінше қарастырылады. Егер бұл біздің мүдделерімізге сәйкес келмесе, Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін шешім қабылданады. Біз қарап, шешім қабылдаймыз. Біз талдау жүргіземіз» депті.

Бүгінде Белорусьтегі халық наразылығы күн сайын күшейіп келе жатыр. Мәселен, кеше Минскте болған митингке 200 мыңнан аса адам шыққан. Бұған дейін ЕО лидерлері Лукашенконы халыққа қарсы күш қолдануды тоқтатуға шақырған. Олай болмаған жағдайда Белоруське қарсы санкциялар салынатынын ескерткен еді. Алайда, Лукашенко бүгін Минсктегі халық наразылығына қару асынып келді.

Ал оның сайлаудағы басты оппоненті болған Светлана Тихановская анти-Лукашенко шерулерін тоқтатпауға үндеген.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558