Жұма, 29 Наурыз 2024
Ел іші... 4344 8 пікір 15 Тамыз, 2020 сағат 16:14

Ақан Сатаев: Өрттің әдейі жасалғаны анық!

Кеше кешке Алматыдағы «Қазақфильм» студиясынан өрт шықты. Ресми ақпараттарға сүйенсек, кеше, 14 тамыз кешкі сағат 21:33-те «Қазақфильм» студиясының күзетшісі өрт сөндірушілерге хабарлап айтқан екен.

Ал «Қазақфильмдегі» өрттің бейне жазбалары сол күні-ақ әлеуметтік желіге тарады.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен.

«Қазақфильмнің» территориясында шыққан өрттің екі ошағы бар. Яғни, өрт екі жерден шыққан. Бірі – бөлек тұрған қойма секілді материалдар сақталған бос тұрған шатырдың астынан, екіншісі – екі қабатты ағаш ғимараттан. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өртті сөндіруге 53 адам мен 16 техника жұмылдырылған», - делінген ТЖД ақпаратында.

Сагинтаев назначен акимом Алматы | КТК

«Қазақфильмдегі» өрт туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Твиттер» желісінде жазба жариялапты.

«Қазақфильмде» өрт шықты. Аумағы 400 ш. м ошақ 23:10-да, екінші 200 ш. м ошақ 23:26-да сөндірілді. 53 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдары жойылуда. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым», - деп жазды Сағынтаев.

Ал бүгін «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев: «Бұл әдейі жасалды», - деп мәлімдеді.

Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады

«Мен өкінішке орай жанып кеткен  «Қазақ хандығы» кинокартинасының декорациясының ортасында тұрмын. Өртенген екінші нысан осы жерден 200 метр қашықта орналасқан. Өрттің әдейі жасалғаны анық. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі жағдайдың шығыны аса көп емес. Біз осыны жасаған қылмыскерлерді табамыз деген үміттемін», - деді Ақан Сатаев «Instagram» желісіндегі парақшасында.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616