Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107262. Жазылғандар — 101877. Қайтыс болғандар — 1671
Жаңалықтар 1314 2 пікір 14 Тамыз, 2020 сағат 21:12

«СҚ-Фармацияның» экс-басшысы Берік Шәріп тұтқындалды

«СҚ-Фармация» ЖШС басқармасының бұрынғы басшысы Берік Шәріп тұтқындалды. Енді ол екі ай бойы қамауда болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілі Данияр Бегайдаров та растаған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдай кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуда «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы өз өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деген Сыбай жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.

Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Берік Шәріп енді екі ай қамауда болады.

«Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.

Берік Шәріп «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасын 2020 жылдың сәуірі мен шілдесі аралығында басқарған. Оған дейін 2018 жылдан бері басқарма басшысының орынбасары, басқарма төрағасының міндетін атқарушы болған.

2020 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босаған.

Abai.kz

2 пікір