Сенбі, 20 Сәуір 2024
2101 2 пікір 14 Тамыз, 2020 сағат 16:01

Тараздағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілмек

Тараздағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру қарастырылуда. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады. 

«Тараз-Арена» спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылған. Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданыпты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтқан.

«Тараз-Арена» спорт кешенін қайта атау жөніндегі ұсыныс Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Abai.kz

2 пікір