Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 4123 0 пікір 17 Тамыз, 2020 сағат 10:30

Бүгіннен бастап карантин шектеулері жеңілдетілді

Қазақстан Үкіметі коронавирус індетінің жаппай таралуына байланысты шілденің басында жарияланған карантин шараларын 17 тамыздан бастап жеңілдете бастайды. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау туралы бірқатар шешім қабылданған.

Сонымен, 17 тамыздан бастап қандай мекемелердің қызметіне рұқсат беріледі?

1. 2020 жылғы 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді:

- СОСО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м);

- сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.);

- бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.);

- балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топтарда — 5 адамнан артық емес, жазылу бойынша);

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес);

- ашық ауадағы аттракциондар (қашықтықты сақтау, маска тағы, адамдар ағынын реттеу).

Жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80% үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады.

2. 2020 жылғы 17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұру, эпидемияға қарсы шараларды және алдын алу шараларын сақтау) рұқсат етіледі.

3. Биылғы 17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер соңғы аялдамада дезинфекциялау мен желдетуді қамтамасыз етумен,  отырғызу орындарының толуына қарай жүре бастайды.

4. Салынған тыйым сақталады:

- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;

- барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;

- мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;

- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына;

- діни нысандардың жұмысына;

- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға.

5. Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

Abai.kz

0 пікір