Жұма, 29 Наурыз 2024
3799 5 пікір 7 Тамыз, 2020 сағат 14:46

«CҚ-Фармацияның» төрағасы Ксения Собчакпен қай тойда болды?

«CҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев сәуір айындағы карантин кезінде Instagram желісінде жарияланған банкеттегі суретіне қатысты пікір білдірді. Онда Есқалиев әйелі мен Ксения Собчактың ортасында тұрған суретін жариялаған.

Есқалиевке Vlast порталының журналисі «Биыл сәуірде сіздің Instagram-дағы парақшаңызда жұбайыңыз бен Ксения Собчакпен түскен сурет жарияланды. Кейін Instagram парақша жойылды. Бүкіл ел төтенше жағдай режимінде отырғанда сіз банкеттен сурет жарияладыңыз, осыны қалай түсіндіре аласыз?» - деген сұрақ қойған.

Журналистің сұрағына «CҚ-Фармацияның» басшысы әлеуметтік желіде жарияланған сурет 7 жыл бұрын түсірілгенін айтты.

«Ол жерде салмағым 135 келіге жуық болған, қазір 105. Өткен жылы өкпеме күрделі операция жасалды. Фото біз үйде жүргенде карантин кезінде жарияланды. Сурет іс-шарада түсірілген. Танымал адаммен суретке түскім келді, басқа ештеңе емес»,-депті Есқалиев.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610