Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3382 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 08:28

СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК — БЕЙБІТШІЛІК БАСТАУЫ

Бұл форумды біздің елімізде өткізу туралы бастаманы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев көтерген еді. Оны Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) қолдаған болатын. Айта кететін жәйт, ЕАӘК-тің қауіпсіздік форумы алғаш рет Еу­ро­па ауқымы­нан шығып, пост­ке­ңес­тік кеңістік елінде, соның ішін­де Азия құрлығында тұңғыш рет өткізілді және бұл Қазақстан аума­ғында 2009 жылы ұйымдасты­рыл­ған ең ауқым­ды шараның бірі бо­лып табылады. Форумның маңыз­ды­лығы сонда, ол өзінің мәртебесі жа­ғынан НАТО-ға мүше мем­ле­кет­тер мен үкіметтер бас­шы­ларының сам­ми­тінен кейінгі орында тұр және де аймақтық, сон­дай-ақ жаһандық қауіпсіздік мәсе­лелерін ашық та еркін талқы­лай­тын бейресми алаң болып есеп­те­леді. Осыған дейінгі екі форум 2005 жылы Швецияның Оре және 2007 жылы Македонияның Охрид қала­сында өткізілген еді.

Форумның тақырыбы "Қауіп­сіз­дік жолындағы әріптестік" деп аталды. Ол үш негізгі тақырыптық блоктарға бөлініп, секцияларда тал­қы­ланды. Ал форум жұмысына 50 шақты елдің делегациялары қа­тыс­ты.

Бұл форумды біздің елімізде өткізу туралы бастаманы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев көтерген еді. Оны Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) қолдаған болатын. Айта кететін жәйт, ЕАӘК-тің қауіпсіздік форумы алғаш рет Еу­ро­па ауқымы­нан шығып, пост­ке­ңес­тік кеңістік елінде, соның ішін­де Азия құрлығында тұңғыш рет өткізілді және бұл Қазақстан аума­ғында 2009 жылы ұйымдасты­рыл­ған ең ауқым­ды шараның бірі бо­лып табылады. Форумның маңыз­ды­лығы сонда, ол өзінің мәртебесі жа­ғынан НАТО-ға мүше мем­ле­кет­тер мен үкіметтер бас­шы­ларының сам­ми­тінен кейінгі орында тұр және де аймақтық, сон­дай-ақ жаһандық қауіпсіздік мәсе­лелерін ашық та еркін талқы­лай­тын бейресми алаң болып есеп­те­леді. Осыған дейінгі екі форум 2005 жылы Швецияның Оре және 2007 жылы Македонияның Охрид қала­сында өткізілген еді.

Форумның тақырыбы "Қауіп­сіз­дік жолындағы әріптестік" деп аталды. Ол үш негізгі тақырыптық блоктарға бөлініп, секцияларда тал­қы­ланды. Ал форум жұмысына 50 шақты елдің делегациялары қа­тыс­ты.

Ауқымды басқосуды ашып, алғаш сөз алған Қазақстан Сыртқы іс­тер министрі Марат Тәжин ал­дымен Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін оқып бер­ді. Онда ел Президенті форумға қатысушылар мен қонақтарды құт­тықтай отырып, бұл кездесудің НАТО-ның құрылғанына 60 жыл толуы қарсаңында өткізіліп отыр­ған­дығының символикалық мәні бар екенін айтыпты. Тәуекелдердің жа­һандық сипаты мен ХХІ ғасыр­дың қауіп-қатерлері әлемдік қауым­дастықты үнқатысу арқылы оларға қарсы тұратын жауап іздеуге мәжбүрлейді. Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Қазақстан мұн­дай үнқатысулардың өзекті­лі­гі­не барынша мұқтаж. Біз нағыз қауіпсіздік тек барынша кеңей­тіл­ген бірлескен іс-қимыл арқылы ғана табылатынына сенімдіміз. Осы бағытты берік ұстанған Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бас­тап аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға жүйелі түрде күш-жігер жұмсап келеді. Біздің ел ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, Орталық Азияны жаппай қырып-жоятын қарудан азат аймақ деп жариялау бастамасын көтерді. Қазақстанның осы үлгісі бүгінгі күні жойқын қарудың таралу ауқы­мы кеңейіп, оның халықаралық террористік ұйымдардың қолына түсу қаупі туып тұрған шақта аса өзек­ті болып табылады. Жуырда мен Семей қаласында ядролық по­лигонның менің Жарлығыммен жабылуына 18 жыл толатын 29 та­мыз­ды Жаппай қырып-жою қаруы­нан бүкіләлемдік бас тарту күні болсын деген бастама көтердім. Оны біз БҰҰ-ның қарауына ұсы­на­мыз. Одан әрі Н.Назарбаев Қазақ­стан­ның "НАТО-Орталық Азия-Ауғанстан" форматындағы диалог­қа оң қарайтынын жеткізіп, Ауған­станда тұрақтылық орнатуға ха­лық­аралық күштердің араласуын қол­дай­тынын айтыпты. Сонымен бір­ге, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге сай­ланған 2010 жылы Қазақстан Ұйым­ның барлық кеңістігінде бей­бітшілікті сақтауға өзінің үлесін қо­сатынын және Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты орнатуды қол­дайтынын жеткізіпті.

Президенттің құттықтауын оқып болған соң Марат Тәжин Қа­зақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен жан-жақты және ешқандай құрлыққа, елге немесе халықаралық ұйымға артықшылық бермейтін теңгерімді саясат ұстанып келе жат­қанын айтты. Әлемдегі аса ірі проб­лемалар тек қана диалог арқы­лы шешілуі керек. Қазақстан әлем­дік ұйымдардың бір-біріне қарсы тұрғанын және өзара бәсекеге түс­кенін қаламайды. Біздің ел ҰҚШҰ, ШЫҰ қатарына ене отырып, НАТО-мен де "Бейбітшілік жо­лын­да­ғы әріптестік" бағдарламасы ая­сында бірлескен іс-қимылды дамы­ту үстінде. Мұның ешқандай қай­шы­лығы жоқ. Одан әрі министр бүгінгі күні ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ және АӨСШК ұйымдарының арқа­сында Орталық Азияда қауіпсіздік архитектурасы орнап келе жатқа­нын айтты. Ал Қазақстан осы ұй­ым­дардың НАТО-мен байланысын ұзақ жылдардан бері қолдап келеді.

Қазақстан Сыртқы істер ми­нистрі­нің сөзінен кейін НАТО Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер баян­дама жасады. Ол өзінің сөзінде ұйымның бүгінгі ахуалы мен бүгінгі форумның мақсатына тоқталды. Және Қазақстанның әлемдегі бейбітшіліктің сақталуы жолында жұмсап келе жатқан күш-жігеріне оң баға беріп өтті. Форумның жақ­сы ұйымдастырылғанына ризашы­лы­ғын білдіре келіп, Орталық Азия­­дағы тұрақты даму жолына түс­кен бейбіт елмен ынтымақ­тас­тық жасауға ықыластымыз, деді ол өзінің сөзінде. Келесі сөз Дания­ның Сыртқы істер министрі Пэр Стиг Меллерге берілді. Ол аймақ­тық және жаһандық қауіпсіздік мә­селелері туралы өзінің көзқарасын біл­дірді. Соның ішінде Ауғанстан­да­ғы тұрақтылықты қалпына кел­ті­ру мәселесіне жан-жақты баға берді.

Осыдан кейін ашылу салтанаты аяқталып, форумға қатысушылар секцияларда жұмыс істеуге бөлінді.

Бірінші сессияның күн тәртібі бой­ынша "Ауғанстан: халықаралық қо­ғамдастықтың жауабы", "Аймақтық мүмкіндіктер: Орталық Азиядағы ортақ қауіпсіздік проблемалары" және "Энергетикалық қауіпсіздік: Кас­пий және Қара теңіз аймақ­та­рын­дағы әріптестік" тақырып­тарын­дағы мәселелер талқыланды.

"Ауғанстан: халықаралық қо­ғам­дастықтың жауабы" тақыры­бын­дағы сессия отырысына НАТО Бас хатшысының орынбасары, елші Клаудио Бисоньеро төрағалық етті. Бас хатшы орынбасарының атап өтуінше, НАТО Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырып, қауіпсіз­дікті қамтамасыз етуде өзіндік іс-қимыл жасап келеді. Бұл жөнінде стратегиялық бағдарлама жасалған. Ауғанстанды тұрақтандыруға Ауған­стан басшылығымен қатар, бе­делді халықаралық ұйымдар да атсалысып жүр.

Отырысқа төрағалық етуші бұ­дан кейін сарапшылар тобымен та­ныстырып өтіп, алғашқы сөзді АҚШ-тың халықаралық қауіпсіздік істері жөніндегі қорғаныс хатшы­сы­ның көмекшісі Александр Верш­боу­ға берді. Оның айтуынша, Ауған­станда талибандар биліктен аластатылғанына жеті жылдан асты. Бұл елдің қазіргі басшылығы ха­лық­аралық ұйымдармен бірлесе оты­рып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігер жұмсап келеді. Ал Ауғанстан жөніндегі стратегиялық шаралар тиімді жүргізілуі тиіс. Бұл ел аумағынан ығыстырылған тали­бан әскерлері Пәкстанмен шекара­лас нүктелерде қайта бас көтеріп, лаң­кестік әрекеттерін жалғастыру үстінде.

Сөз арасында, сондай-ақ ол Ауғанстанда АҚШ-тың қанша әскері қызмет етіп жүргенінен де хабардар етіп өтті. Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, онда аме­ри­калықтардың 38 мыңдай жауын­ге­рі және жүздеген сарапшы аза­мат­тары бар. Ауғанстандағы жағдай тұрақтанған соң, АҚШ әскерилері мен онда қызмет етіп жүрген са­рап­шылар өз отанына оралады. Сө­зінің соңында ол Ауғанстанға бей­біт мақсаттағы транзитті жүктерді жеткізуге дәліздер беруге ниеттеніп отырған Ресей, Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан және Тәжікстан елдеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтама­сыз ету үшін тағы қосымша әскери күш қажет екенін айтып өтті.

Ал Ауғанстан сыртқы істер ми­нистрінің саяси істер жөніндегі аға кеңесшісі - ақпараттық орталық­тың бас директоры Давуд Морадиан өз елдеріндегі жағдайға басқаша пікір білдірді. Д.Морадианның атап өткеніндей, телеарналар Ауған­стан­дағы орын алған лаңкестік әре­кет­терді көбірек насихаттайды. Ондағы оң нәтижелерді БАҚ-тар көрсете бермейді. Осыған байланысты ше­шен мынадай деректерді көлденең тартты: Талибан режімі құлаған 2001 жылдан бастап кезінде өзге елдерге кеткен 5 миллионнан астам босқын Ауғанстанға қайта оралды. Халықаралық қоғамдастықтың ара­ласып, қолдау-көмек көрсетуінің арқасында балалар өлімі едәуір азай­ды. Мектептер ашылып, парта­ға отырған оқушылар қатары көбейе түсті.

Сонымен қатар, ол биылғы жылы Ауғанстанның әлеуметтік-эко­номикалық жағдайы қалай бо­ла­тыны жайлы болжамын алға тарт­ты. Ауғанстандағы жағдай бір­шама тұрақтана түседі. Оған халық­аралық қоғамдастықтың көмегі әлі де қажет. Өйткені, есірткі өндірісі азаймай отыр. Сондай-ақ, есірткі өндірісі осы өңірмен қатар, әлем жұртшылығын да алаңдатуда. Жа­һан­дық осы проблеманы халық­ара­лық қоғамдастықтың ықпалынсыз шешу мүмкін емес.

Финляндия миссиясының НАТО-дағы өкілдігінің басшысы Аапо Польоның сөзіне қарағанда, Финляндия - Ауғанстаннан шал­ғайда орналасқан шағын ғана ел. Бұл мемлекет үш жылдан бері Ауған­станды тұрақтандыру шара­ла­рына қатысып келеді. Финляндия парламенті мен халқы елдің Ауған­станға қатысу мәселелері туралы пікірлер білдіруде. Осы мәселе жө­ні­нде ел парламенті мен үкіметінде баяндамалар тыңдалған. Ал Ауған­станда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ел экономикасын тұрақтан­ды­ру бүгінде өткір тақырыптың біріне айналып отыр. Бұл проблемалар ұзақ­қа созылатын болса, ол көп­теген аймақтарға кері әсерін тигі­зе­тіні анық. Сондықтан ондағы есірт­кі өндірісі мен есірткі тасы­ма­лына тосқауыл қою керек. Бұл мә­селеде Финляндия қолдау көрсетуге дайын.

Сессия отырысында оған қа­ты­сушылар сөз алған шешендерге та­қы­рыпқа қатысты сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныстары мен пікір­ле­рін білдірді. Негізінен олар Ауған­станды тұрақтандыру, бөлінген қар­жының қандай жобаларды жү­зе­ге асыруға жұмсалып жатқан­ды­ғына байланысты айтылды. АҚШ өкілі Александр Вершбоудың қай­тарған жауабына қарағанда, Ауған­станда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына жылына 5 миллиард доллардай қаржы бөлінеді екен.

"Аумақтық мүмкіндіктер: Ор­та­лық Азиядағы ортақ қауіпсіздік проб­лемалары" атты екінші сек­ция­ның модераторы НАТО Бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, елші Роберт Ф. Симмоне алғашқы сөзді Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның Бас хатшысы Болат Нұрға­лиев­қа берді. Шешен әлемдік тұр­ғыда ұйымға мүше елдердің алатын ор­нының маңыздылығына мән бере келе, бүгінгідей өзгерістерге толы уақытта барлық екіұдай пікір­лер тудыратын мәселелердің тек сындарлы диалог арқасында жүзеге асырылуы керектігін айтты. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер тең құқылы, олар ІЖӨ-сінің көптігі мен азды­ғына, көмірсутегі, я болмаса басқа ре­сурстарының, қорларының көп­тігіне тәуелді емес. Олардың бар­лы­ғының да мойнына алған мін­дет­тері де бір текті. Алға қойылған басты мақсаттың бірі-аймақтағы қауіпсіздік мәселесі. Ұйым құрыл­ғаннан бері бір де бір мүше мем­ле­кеттің мүддесі сөз болғанда ол елен­бей қалған емес. Әрқашан бетке ұстайтын көпвекторлы саясат өз жемісін беруде де айтуға әбден негіз бар. ШЫҰ әрқашан тер­роризм мен экстремизмге, есірткі саудасы мен тасымалына тосқауыл қоюды назарынан тыс қалдырып көрген емес. Біз экстремизм мен тер­роризмге бір де бір дін айыпты деп айта алмаймыз және ислам аты аталғанда қорқыныш туатын фобияның дұрыс еместігін білеміз.

ШЫҰ аясында экономикалық байланыстар да жандана түсуде. Энергия тасымалы, көлік, ақпарат­тан­дыру, байланыс салалары сынды түрлі бағыттардағы әріптестікке көп көңіл бөлінеді. Мұның ішінде ал­дың­ғы екеуінің аумақтық интег­рация­да маңызды рөлге ие екендігі де түсінікті, деп Болат Нұрғалиев жиналғандардың назарына ШЫҰ бойынша маңызды мәселелерді ұсынды.

Еуроодақтың Орталық Азия және Грузиядағы дағдарыс істері жө­ніндегі арнайы өкілі Пьер Мор­рельдің ортаға салған негізгі ойы заң үстемдігі жайында болды. Заң үстемдігі Еуроодақтың қауіпсіздікті сақтау жөніндегі стратегиялық маңызы бар мәселесінің бірі. Ор­та­лық Азиядағы қауіпсіздікке кел­генде жаңа бір әдіс-тәсілдер қажет деген ұйғарымдағы - Еуроодақ бас­тамасымен Парижде осы елдер­дің сыртқы істер министрлері бас­шыларының кездесуі де өтті. Жал­пы, бүгінгі күнгі Өзбекстандағы, Ауғанстан мен Пәкстандағы орын алған террористік оқиғалардың аймақтағы тыныштықтың шырқын бұзатындығы естен шықпауы тиіс. Әсіресе, Пәкстанның батысында тер­рористік күштер белсенділік та­ныта бастағаны шындық. Ал Қа­зақ­станмен жапсарлас жатқан елдер­де ислам діні әсіре емес. Әсіре көзқарастағы өзгеше ықпал сырт­тан таңылып жатыр. Бізге осы кері ықпалдың әсерін сөз ету қажет. Әсіресе, кедейшілік етектен тартқан жерлерде халықтың түрлі кері ық­пал­дарға еріп кетуі, оны теріс пи­ғылдылардың пайдалануы оп-оңай. Сол себептен терроризм және экс­тремизммен күресте осы мәселе де қаперде болуы керек, деді Пьер Моррель.

Қазақстан Сыртқы істер ми­нистрлігі Сыртқы саясатты жос­пар­лау және сараптау комитетінің төр­аға­сы Марат Шайхуддинов бүгінгі күні ең бір қатты дамыды деген ай­мақтың өзі өте "тыныш айлақ" деген атты ала алмайтынын атап көрсетті. Өйткені, деді ол, әлемнен тысқары, болып жатқан жаһандық дауылдар мен күйзелістерден жеке қалып өзі ғана аман өтетін бір де бір ел жоқ. Ол мүмкін де емес. Бұл жағдай біздің аймаққа да қатысты. Әскери-стратегиялық маңызы бар аймақтан орын тепкен, бай ми­нералды қорларымен әлем жұрт­шы­лығының назарын аударған өңір­дің болып жатқан жайлардан тысқары қалатын жөні жоқ. Аймақ үшін маңызды мәселенің қатарын­да қауіпсіздік тұр. Ал ол болмаған жер­де өзге құндылықтардың сақта­луы­на да қауіп туады. Бұл тұрғыда Қазақстан бастамашылығымен құ­рылған АӨСШК аймақтағы қауіп­сіздікті сақтауға өз ықпалын ти­гізуде. Болашақта осы ұйымды ЕҚЫҰ тәрізді Азиядағы ықпалды ха­лықаралық ұйым дәрежесіне көте­ру қауіпсіздікті бекемдеудегі үл­кен үлес болар еді.

Түстен кейін болған "Аймақтық мүмкіндіктер: Кавказдағы шешіл­ме­ген араздықты тұрақтандыру мүм­кіндіктері" сессиясында алғашқы болып Түркия сыртқы істер министрлігінің өкілі Унал Севикоз сөз алды. Біз үшін Кавказ мәселесі өте маңызды. Себебі, біз жақын көршілерміз. Ал көршідегі тыныштықтың саған да қатысы бар. Сол себепті біздің мемлекет әркез осы Кап тауы бойындағы мемлекеттермен көршілік қарым-қатынастар орнатуға пейілді. Газ, мұнай салалары бойынша әріптес­тіктеріміз ауыз толтырарлықтай. Алайда, барлық мемлекеттермен бірдей дәрежеде байланыстарымыз бар деп айта алмаймыз. Абхазия, Таулы Карабах, Осетия тыншыр емес. Ал тыныштықтың тұрақ­та­мауына бір-біріне деген сенімнің аздығы кері әсерін тигізуде. Сол себепті сенімді күшейтетін шара­ларға мән берген жөн. Форумдар, диалогтар дипломатиялық қызметін атқарып, бір бірімен ұғынысуға тырысу өзі­нің жемісін беруі тиіс, деді шешен.

ЕО-ның Кавказ бойынша ар­найы өкілі Петер Семнеби қандай бір қақтығыс экономиканың да­муын тежейді, реформаларды жыл­жытпайды, етектен тартып, ұнжыр­ғаны түсіреді. Еуропа Түркия сияқ­ты емеспіз, Кап тауы бізден алыс жатыр десе қателеседі, іргемізде емес деп біз ондағы жағдайлардан тыс қалуға тиісті емеспіз, деген ойын жеткізді.

Лондондағы Келіспеушілік жөніндегі ақпараттық жүйе және мем­лекеттік құрылым жөніндегі то­раптың атқарушы директоры Ден­нис Саммут мен дипломат емеспін. Бірақ, бір нәрсеге назарларыңызды аударғым келеді. Кавказдағы ты­ныш­­сыздық басылар емес, мәселе дұ­рыс шешілмесе, қақтығыс салда­ры тағы бір келіспеушілікке алып келеді. Ушығып тұрған осы бір мә­селелерді зерттей келе мынаны аң­ғардық. Кавказ бен оның маңайын­дағы 6 мемлекеттің кейбірінде әлі күнге дейін дипломатиялық қарым-қатынас орнамаған. Сол себептен бұған дейінгі қарым-қатынастарды қайта қарап, олардың меха­низм­де­рін жетілдіру керек. Бұл аса қатты маңыз беретін салмақты мәселе, деді.

Форумның үшінші сессиясы "Энергетикалық қауіпсіздік: Кас­пий және Қара теңіз аймақ­тарын­дағы әріптестік" тақырыбына ар­нал­ды. Бұл секцияға НАТО Бас хат­шысының саясат және қауіпсіз­дік жөніндегі көмекшісі, Елші Мартин Эрдман төрағалық етті.

Ауқымды мәселені өзек еткен жиында талқы таразысына түскен мәселелерге еліміздің Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов, Чехия cыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Томас Поджар, Еур­азиялық саясат орталығының ди­рек­торы Зейно Бэран сарапшылық жасап, энергетикалық қауіпсіздік тетіктеріне қатысты өздерінің ой-пайымдарын ортаға салды.

Мәселен, Әсет Мағауов Қазақ­станның энергетикалық қауіпсіздік мәселесінде ЕАӘК жобаларының белсенді қатысушысы екендігін, НАТО бойынша ғылыми комитет мүшелерімен өзара ынтымақтас­тық­та жұмыс жасалып жат­қан­ды­ғын атап өтті. Бүгінде Қазақстан эко­номикалық тиімділік негізінде энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бойынша өзге елдермен тұрақты әріптестік орнатуда. Қазақстан мұ­най-газ құбыры бойынша жаңа дә­ліздер негізінің қалануына, әріп­тес­тіктің жаңа мүмкіндіктерінің ашы­луы­на, яғни тиімді жобалардың көптеп бой көтеруіне айрықша мән беруде. Қазақстанның таранзиттік әлеуеті мен осы бағыттағы тәжіри­бесі басқа елдер үшін де маңызды болатынын айтқан жөн. Бұл ретте еліміз Әзірбайжан, Түркия, Ресей­мен транзиттік бағытта жақсы әріптестікке қол жеткізуде. Соңғы уақытта бізге Қытай рыногының қақпасы ашылып келеді. КТК жо­ба­сын жүзеге асыруда да нәтижесіз емеспіз. Болашақта бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді деп сеніммен айтуға болады, деді қазақстандық вице-министр.

Томас Поджар өз сөзінде энер­гетикалық қауіпсіздік мәселесі бойынша өз елінің тәжірибесімен бөлісті. Біз 10-15 жыл ішінде мұ­най-газ тасымалдау саласын жаң­ғыр­ту мен әртараптандыру бағыты­на айрықша көңіл бөлдік. Бізде бір емес, бірнеше мұнай-газ тасымал­дау құбыры бар. Соңғы уақытта біздің Орталық Азиямен арадағы әріптестік байланысымыз артып ке­леді, деді ол. Оның сөзіне қара­ғанда, НАТО-ға мүше елдер өзара бірлескен күш-жігердің негізінде мұнай-газ құбырын әртараптанды­ру мәселесіне назар аударулары ке­рек. Егер ортада ортақ бір жүйеге негізделген ұстаным қалыптасса, энергетикалық қауіпсіздік мәселе­сін­де кездесетін түйткілді мәселе­лер шешімін тауып, тұрақты жағдай қалыптасатыны күмәнсіз.

Зейно Бэран энергетикалық мәселені өзек еткен мұндай фо­рум­ның маңызы айрықша екендігін айта келе, оның Қазақстан жерінде ұйымдастырылуының тереңінде өзін­дік мән жатқандығына тоқтал­ды. Каспий аймағы - экономи­ка­лық жүйенің басты тетіктерінің бірін құрайды. Каспий теңізінен Шығыс пен Батысқа ауқымды кө­лемде энергоресурс тасымалданады. Бұл әлемдік энергетикалық жүйеде атап өтуге тұрарлық жәйт, деді бұл жөнінде шетелдік сарапшы. Оның сөзіне қарағанда, мұнай мен газ адамзат өмірінде, мемлекеттің эко­номикалық дамуына айрықша орын алады.

Түстен кейін үшінші сессияның жұмысы "Энергетикалық қауіпсіз­дік: мемлекеттік және жекеменшік секторлар ынтымақтастығының мүмкіндіктері" деген тақырыпта одан әрі өрбіді. Осы ретте Румыния мемлекеттік хатшысы Богдан Ауреску энергетикалық қауіпсіздік мәселесінде жекеменшік секторға қолдау көрсету керектігіне тоқ­тал­са, Литва сыртқы істер министрі Аста Скайгсгирит Лиаскин бұл орайда мемлекеттік секторға ай­рықша талап қойылып, жауапкер­ші­лік жүктелу қажеттігін атап өтті. Энергетикалық қауіпсіздік мәселе­сін жүйелендіруде үкіметтік құры­лымдар айрықша рөл атқарады. Сол себепті, экономиканың қозғау­шы тетіктерінің бірі саналатын мұнай-газ құбырларын жандандыру жобаларына ауқымды қаржы бө­лінуі қажет. Сондай-ақ, ауқымды ресурстарға иелік ететін компа­ния­лармен жоғары деңгейде әріптестік қарым-қатынас орнатуға да мән берілуі тиіс, деді өз сөзінде Литва сырт­қы істер министрі.

Бұл күнгі сессияға қатысу­шы­лар өз сөздерінде "энергетикалық қауіпсіздік экономиканың бір бөлшегі саналатындықтан, бұл ба­ғытта мемлекеттік құрылым мен жекеменшік сектор қоян-қолтық жұмыс атқаруы қажет" деген тұр­ғы­дағы ұстанымдарын ортаға салды.

Форумның жалпы отырысының жабылуында секциялардың төраға­лары басқосулардың қорытындысы туралы баяндап берді. Содан кейін НАТО Бас хатшысының орынба­са­ры Клаудио Бисоньеро мен Қазақстан Сыртқы істер министрі Марат Тәжин секциялар жұмысын оң бағалап, қорытынды сөздерін айтты.

 

 

"Егемен Қазақстанның" тілшілер тобы. Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

«Егемен Қазақстан» газеті 26 маусым 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553