Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Әттең... 6232 10 пікір 3 Тамыз, 2020 сағат 11:40

«Ертістің» атауын «Павлодар» деп өзгертуге болмайды!

Күні кеше ғана өткен Құбан айт кезінде көпшілік жұрт байқай бермейтін бір келеңсіз жайт бой көрсетті. Біздегі орыс тілді сайттар еліміздегі премьер-лигадан біржолата қош айтысқан «Ертіс» футбол командасының орнына жаңадан «Павлодар» атты команданың құрылатынын айтып, қалың көпшілікті қуантып жатыр. Енді қаржыдан әбден жұтаған қазақы «Ертістің» орнын орысша атуды иеленген «Павлодар» басыпты. Міне, осы хабарды  «KazFootbaII.kz» сайтынан көшіріп басқан әлгі сайттар осылайша халықтан сүйінші сұрап жатыр. 

Оларға бұл үлкен қуаныш шығар, әрине. Алайда, жаңадан құрылатын команда не себепті бұрынғы қазақша атудан бас тартып, аяқ астынан орысша атауды иелетіндігінің құпиясын түсіне алмадық. Сонда оларға «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмағаны ма? Егер ол бұрынғыдай облыс бюджетінен миллиардтаған қаржы алып, құрылтайшысы әкім болса, мұндай «еркінсушілікке», яғни қазақша атауға жойып жіберуге деген әрекетке кім жол беріп отыр? Еліміздің солтүстік өңірлерін қазақшалауға тісіміз батпай отырғанда, мұнысы несі? Әлде сондағы сепаратистік ауруға ұшыраған бір мықты топтардың бізге көрсеткен қыры ма? Егер мұндайларға немқұрайлы қарай беретін болсақ, түбі тәуелсіздігіміздің тұғырына сызат түсуі де ғажап емес.

Айтпақшы, бұл жерде дұрыс тәртіп орнатылмаса, күні ертең «Қызылжарыңыз» қайтадан «Петропавел» болып, жаңадан түлеп шыға келмесіне, кім кепіл? Онсыз да біздің Қостанайда «Тобыл» деген сөзге тіліміз келмейді» деп, бұл команданы Ресейдегі өзеннің атымен «Тобол» деп өзгерткеніміз де бар.

Жалпы, осы «Ертістің» қаржыдан қысылып, жабылып қалуының өзі де үлкен күмән тудырады. Ол бюджеттен де бөлініп, өзге де демеушілер берген миллиардтаған қаржының мұқият есептелмей, орынсыз, бей-берекет жұмсалғандығынан, әсіресе шетелден шақырылған легионер деген «келімсектерге» мырзалықпен шашылғандықтан болуы да ғажап емес. Бір ғана мысал. Еліміздің белгілі бір сайты биылғы жыл басында осы «Ертістің» Франциядан шақырылған футболшысы Жереми Манзорро «Қазақстан - ақшасы көп ел» деген мақаласын басқан. Сонда ол «Ертістің» «өзгелерге деген «асқан мырзалығын» қалың жұртқа қысылмастан жайып салған.

"Те, кто играет в лучших клубах, они могут, насколько я понимаю, зарабатывать 60 000 или 70 000 евро в месяц. Не говоря уже о премиях, которые могут быть довольно высокими. Они играют в своей стране, они звезды и они не хотят уходить. А лучшие клубы могут предложить очень хорошую зарплату иностранцам", - заявил футболист, - деген оның сөзін мұртын бұзбастан басқан. Міне, осыдан-ақ қорытынды шығара беріңіз.

Жереми Манзорро ⊕ Последние новости сегодня: события, обзоры ...

Жереми Манзорро

 Шындығында да, Қазақстанда ақша шаш-етекен шығар. Бұған тіпті шетелдіктер риза болып жатқанына қарағанда. Әңгіме, тіпті сол «келімсектерге» кетіп жатқан есепсіз көк қағазда да емес. Мәселе, қазақша атаулардың бірте-бірте орысшаға көше бастаса да, оған мән беретін жергілікті билік байқалмай отырғандығында. Мүмкін осы «Павлодар» сол кері кетудің бастамасы да шығар. Осындайда, атам қазақтың «Қарнымның ашқанынан емес, қадірімнің қашқанынан жылаймын» деген екен. Біз де қазір осындай жыларман халде тұрмыз ба деп қорқамын.

Жайберген Болатов

Abai.kz

10 пікір