Жұма, 19 Сәуір 2024
3196 0 пікір 29 Шілде, 2020 сағат 19:33

ЮНЕСКО мұрасы. Ясауи кесенесінің күмбезін жаңғырту жұмыстары аяқталды

Елімізде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енетін нысандарды дамыту мен қорғауға барынша көңіл бөлініп отыр. Бай тарихыққа ие Қазақстан даласында әлемдік өркениет төрінен өшпестей орын алған мәдени мұралар аз емес. Олардың әрбірі адамзат баласына ортық құндылықтар саналады.

Бәріміз белетіндей өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Аталған тарихи құжаттың арқасында енді елімізде мың жылдық мәдени мұраларды мемлекет заңдық тұрғыдан қорғайтын болады.

Ерекше айта кетерлігі Президент қазіргі қолданыстағы заңнаманы қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Бәріміз білетіндей, 2003 жылыдың маусым айында Франция астанасы Париж қаласында ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясы өткен болатын. Дәл осы алқалы жиында Түркістан облысының (Сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысы) орталығы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген еді. Содан бері атақты кесенені Қазақстан халқы көзінің қарашығындай қорғап келеді.

Жақында дәл осы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезіне жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова мәлімдеді.

Күміс Сейітова ханымның айтуынша, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде атқарылған ауқымды жұмыстарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілігімен, «Қазқайтажаңарту» РМК жүргізді. Кесененің күмбезі тарихи келбетін жоғалытқан жоқ, бұынғыдай сақталып қалған. Қайта жөндеу барысында тек қана желдеткіш қабаттары ретке келтірілге. Ал қазіргі уақытта күмбез жиегіндегі сегіз қырымен қосылған жерінде гидрооқшаулау бағытында жұмыстар жүріп жатқан көрінеді.

Сейітованың сөзінше, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезін қайта жөндеу үшін арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Қалпына келтіру жұмыстары барысында білікті тарихшылар, мықты реставраторлар мен білікті зерттеушілердің нұсқауы назарға алынған.

Күміc Cейітовa, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры:

«Еліміз ғaнa емеc түбі бір түркі жұртының рухaни ортaлығы - Түркіcтaн қaлacындaғы тaрихи-мәдени орындaрды қaйтa жaңғырту, зерттеу және туриcтік ортaлыққa aйнaлдыру мaқcaтындa ҚР Мәдениет және cпорт миниcтрлігінің үш жылғa aрнaлғaн дaму жоcпaры бекітіліп, жүзеге acырылып жaтқaны белгілі. Оcы орaйдa Мәдениет және cпорт миниcтрлігіне қaрacты «Әзірет Cұлтaн» мемлекеттік тaрихи-мәдени қорық-музейі aумaғындaғы тaрихи орындaрдa қaйтa қaлпынa келтіру жұмыcтaры, ортaғacырлық Күлтөбе қaлaшығы, Хaн ордacы мен мешіті орнaлacқaн мaгиcтрaлды көше бойындa aрхеологиялық қaзбa жұмыcтaры қaрқынды жүріп жaтыр».

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сенсек, жөндеу жұмыстары сонымен қатар Қылует жерасты мешітіне (XII ғасыр), Жұма мешітіне (XII-XIX ғ.), Рабия Сұлтан Бегім кесенесіне (XVI ғасыр), Шилдеханға (XIV-XV ғғ.) және Шығыс моншасына (XVI) да жүргізілген. Бұлардан да өзге бірнеше арнайы орындарға ауқымды жұмыстар жүргізілген көрінеді.

Ең маңыздысы көне Түркістан қаласы тарихи-мәдени кешенінің аумағы және Қожа Ахмет Яссау кесенесі аумағынан Қазақстандағы ең көлемді ашық аспан астында орналасқан музейін ашу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар қазіргі таңда жүзеге асырылып жатыр. Бұл игі шара ортағасырлық атақты Күлтөбе қалашығы, сондай-ақ Жеті ата негізгі көшелерінде жүргізілген археологиялық-қалпына келтіру қызметтерінің негізінде жүзеге асырылып жатыр. Айта кетерлігі, жоғарыда аталған жұмыстарды Қазақ ғылыми зерттеу институты мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің жетекшілігімен «Қазқайтажаңарту» РМК қолға алып, жүргізіп жатыр екен.

Abai.kz

0 пікір