Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2702 0 пікір 31 Шілде, 2020 сағат 10:01

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында қандай жұмыстар атқарылды?

Ауыл Қазақстан халқының арқа тірер сүйеніші, тіпті тмірқазығы десек те болады. Ауылдың құт берекесі жайлы, жұрттың өзегін талдырмас өзектілгі жайлы, халықтың өсіп-өніп өркен жаятын, өркениетке жететін түп тамыры екенін айтып келеміз. Қалда тұрып, әлемдік өркениетке аяқ басқанымызбен, ауылдан алыстап ешқайда кетпейтініміз анық. Сол үшін де атақты «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы іске қосылған болатын.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ауылды жерлерді жаңартып, әлеуметтік негізін жақсартуды талап еткен болатын. Дәл осы мақсатта Елбасының бастамасымен «Ауыл - ел бесігі» жобасы басталған болатын. Аталған бағдарлама қолға алынғаннан бері еліміздің түкпір-түкпірінде ауылдарды жаңарту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Осы жоба аясында қаншама жолдар салынды, қаншама үйлер тұрғызылды...

Біздің бұл мақаланы жазудағы мақсатымыз «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асқан барша шаруаны тізіп шығу емес. Ол мүмкін де емес. Атқарылған мың-сан жұмысты бір мақаланың аясына сыйғызу ақылға қонымыз. Біздің айтпағымыз шілде айының соңғы күндері аймақтарда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша жүзеге асқан екі-үш шараны жариялау. Сол арқылы бұл жобаның ауылды көркейтуде қаншалық маңызды екенін тағы бір дәлелдеп көрсету болып отыр.

Алдымен шырайлы шығыстан бастасақ. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында біз сөтіп отырған «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірқатар аса маңызды шаралар атқарлыған екен.

Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожиннің айтуынша, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктерге және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қаматамасыз етуді мақсат етеді. Сонымен қатар ауылды жерлерде инженерлік инфрақұрылымдар және әлеуметтік нысандардың дамуын жеделдетеді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жарма ауданы, Қалбатау ауылында Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның ғимаратын қайта жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, аталған ауылдағы Достық көшесінің Омбы-Майқапшағай бағытынан кіре берістегі тасжол қайта жөнделеді. Және Әуезов кентінде жаңадан Мәдениет үйін салу көделген. Бұлардан бөлек, аталған кенттің көшелерін қайта жөндеуден өткізіп және Бақыршық орта мектебінің ғимаратын толықтай жөндеу жоспарланып отыр.

Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин:

- Бүгінде барлық құрылыс жұмыстары қарқын алып, халық игілігіне бағытталған жұмыстар ерекше бақылауда. Білім ордаларын жөндеуші мердігерлер оқушылардың білім алуына кедергі тудырмау үшін барынша жөндеу жұмыстарын ширата отырып, жаңа оқу жылына дейін нысанды барынша қолданысқа беруге күш салуда. Дегенмен, жұмыс сапасы - күн тәртібіндегі басты талап.

Ал Ақмола өңірінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауыл жолдарына асфальт төселіп жатыр екен. Атап айтқанда, Сандықтау ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша ауыл арасындағы жолдар жөндеуден өтіп жатыр. Ауыл арасын жалғайтын 12 шақырымнан астам жолға жаңадан асфальтты бетон төселген көрінеді. Аталған өңірде ауыл жолдарын жөндеуге бюджеттен 214 миллион теңге бөлінген екен. Осы қаржының арқасында ауыл жолдары толық жаңаруда.

Аудан әкімі салынып жатқан ауыл жолдарын аралап көріп, жөндеу жұмыстарымен танысты. Әрі мердігер компаниялардан әрбір жолдың барынаш сапалы салынуын талап етті. Сапасымен қатар белгіленген уақытта аяқтаулы да өте маңызы екенін айтты.

Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев:

- Жол жөндеу бойынша барлық жұмыстар 10 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар жөндеу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Күздің басына дейін жоспарға сай аяқтамақпыз.

Ендігі кезеңте оңтүстік өңірдегі жұмыс барысымен таныстыра кетейік.

Сарыағаш ауданының елді мекендерін дамыту үшін «Ауыл-ел бесегі» бағдарламасы бойынша Жартытөбе ауылдық округінің 11 көше (23,3 шақырым), ал Қапланбек ауылында 16 көшенің (18,8 шақырым) жолы жөнделді.

Ал аудан орталығы Сарыағаш қаласында 3,7 шақырым көше жолы орташа жөндеуден өтеді. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен облыста 5 көшенің 9 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Атамекен кентінде сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ал аймақты көгілдір отынмен қамтамасыз етуге келетін болсақ, Атамекен кентінде газдың өткізу қабілетін арттыратын «Тобыл» АГТС станциясының құрылысы басталды. Газ құбырының ұзындығы - 4,73 шақырым. Биыл осы құрылыс жұмыстары аяқталып, бірнеше елдімекен газбен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Сарыағаштағы «Самал» ықшамауданында 900 орындық мектептің құрылысы басталды. Жұмыс 2020 жылдың тамыз айында басталып, 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Ғимараттың жалпы ауданы 8324,2 кв. м. Жоспар бойынша мұнда оқу блогы, спортзал, асхана және мектеп шеберханасы салынады.

Сарыағаш - медициналық туризм дамыған аймақ. Сұранысқа байланысты жыл сайын мұнда жаңа кешен салынуда. Сонымен, 2020 жылдың маусым айында пайдалануға берілген«Дархан» шипажайы 100 адамды қабылдай алады. Емдеу-сауықтыру кешенінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Санаторий жылына 1300-ге жуық турис қабылдауды жоспарлап отыр.

Abai.kz

0 пікір