Жұма, 29 Наурыз 2024
4205 2 пікір 31 Шілде, 2020 сағат 14:24

СІМ: Германиядағы барлық гуманитарлық жүк бір рейспен елге жолданады

Кеше Германиядағы Еуропа қазақтары қауымдастығының төрағасы Өмірхан Алтын әлеуметтік желіде бейне үндеу жариялап, Еуропада тұратын қазақ диаспорасы Қазақстандағы коронавирус індетімен күреске қол ұшын созып, көмек беру мақсатында азды-кем ақша жиып, сатып алған дәрі-дәрмектерін Қазақстанға жеткізе алмай отырғанын айтқан еді.

Өмірхан Алтынның 8 минутқа жуық бейне үндеуінін білгеніміз, ол жақтағы қазақ диаспорасы 2020 жылдың 19 шілдесі күні бірнеше қорап дәрі-дәрмек пен меджабдықтарды Германиядағы Қазақстанның Бас консулдығына апарып табыстаған. Алыстағы ағайынның азын-аулақ көмегін елге Елшілік жеткізіп беруі тиіс екен. Алайда, арада 2 аптаға жуық уақыт өтсе де, консулдықтағы қораптар тұрған орнынан қозғалмапты.

Өмірхан Алтынның «ашынғаннан шығады ащы даусым» деп айтқан үндеуі желі қолданушыларының қызу талқысын тудырды. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі түсіндірме беріпті. Бүйдейді:

ҚР Сыртқы істер министрлігі: 

- Қазіргі таңда Германия мен Қазақстан арасында тікелей тұрақты әуе қатынасы болмағандықтан, барлық гуманитарлық көмек «репатриациялық» чартерлік рейстермен Майндағы Франкфурт қаласынан жеткізіледі.

Осыған орай, біздің қазақ диаспоралары мен отандастарымыз тарапынан Германияның түрлі қалаларында, соның ішінде Мюнхенде орналасқан Қазақстанның дипломатиялық миссияларына ұсынылған барлық гуманитарлық жүктер Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығында жинақталып, содан кейін ғана бір үлкен партиямен елге жолданады.

Сонымен қатар, құрамында дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар бар жүктердің тиісті сертификациялық құжаттары болуы қажет. Бұл Германияның да, Қазақстанның да кедендік қызметтерінің талаптары.

Қазіргі уақытта ҚР Франкфурттағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев қазақ диаспорасының өкілдері – European Kazakh Forum бірлестігі мүшелерімен байланыста.

Олар бірлестік жинақтаған гуманитарлық көмекті әрі қарай Қазақстанға жолдау үшін тікелей Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығына жеткізу бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізді.

Тамыз айының ортасында гуманитарлық көмектің келесі партиясын жолдау жоспарлануда.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2259
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3538