Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3734 8 пікір 31 Шілде, 2020 сағат 12:53

Мемлекеттің қауіпсіздігі үшін оппозиция қажет

Бізге оппозиция қажет.

Елімізде қоғамдық- саяси, әлеуметтік- экономикалық жағдай күрделеніп келеді. Халықтың жағдайы қиындап, әлеуметтік деңгейі төмендеуде.
Жақын арада, азаматтардың күн- көрісі мүлдем тұралап қалуы ықтимал.
Пандемия елімізде кадр саясатының жұмыс істемейтіндігін, өз халқымен сөйлесуге қабілетті, өзінің ойын азаматтарға жеткізе алатын кадрлардың тапшы екенін көрсетіп берді. Бұл еліміздегі саяси бәсекелестіктің жоқтығының салдары.

Адамдар ойын еркін жеткізе алатын, сындарлы сын айтуға қабілетті, пікірлер плюрализмі қалыптасқан қоғамда ғана жаңа тұрпаттағы еліміздің тағдырын қолына алуға қабілетті кадрлар пайда болады. Яғни, саяси бәсекелестік, күнделікті дискуссия ел дамуының өзегі.

Бүгінде, саяси процесстің "өңеші" бітеліп тұр. Бізге сол өңешті ашу керек.
Шындық айтылмайтын, саяси пікір тұмшаланатын, бәсекелестік жоқ қоғамның жан-дүниесі борси бастайды. Қоғамда әр- түрлі катаклизмдер пайда болады. Біз, өкінішке орай, осы жағдайда түрмыз.

Не істеу керек?

Оппозиция еліміздің дамуының факторы екендігін мойындау керек. Пікірлер алуандығы қоғамдық дамуға серпіліс беретін фактор. Парламентке, жергілікті Маслихаттарға көкірегі ояу, принципті позициясы бар, жаңа буын өкілдері келуі керек. Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз осы. Парламенте еліміздің саяси палитрасының барлық өкілдері отыруы керек.

Қақтығыс, саяси полемика, пікірлер сүзісуі Парламенте, Маслихаттарда болуы керек. Әйтпесе көше сөйлейді. Көше сөйлесе еліміздің шаңырағы шайқалып кетуі ықтимал. Мәселе эволюция мен революцияда болып тұр.
Революция болмауы үшін, билік саяси реформаға барып, барша пікір палитрасын Парламентке келуге жағдай жасауы керек.

"Тасты лақтыратын, тасты жиятын" кезең болады. Қазір, тасты жиятын кезеңде тұрмыз. "Жүз гүл гүлдесін" принципі дегеніміз осы.Сол принцип орындалса, еліміз жаңа саяси формаға бейбіт түрде өтеді. Әйтпесе, жағдай насырға шабады...

Парадокс. Мемлекеттің қауіпсіздігі үшін оппозиция қажет.

Ерлан Саировтың жазбасы

Abai.kz

8 пікір