Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2695 0 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 17:15

Ұлттық біріңғай тестілеу тұңғыш рет онлайн өткізілді

Биыл тұғыш рет 733 қандас талапкер ҰБТ онлайн тапсырды. «Отандастар қоры» жұқпалы індет салдарынан шетелден келе алмай қалған жастардың өтінші бойынша ҰБТ онлайн өткізу бастамасын осыдан үш ай бұрын көтерген болатын. 

Білім және ғылым, Сыртқы істер министрліктерінің, Ұлттық тестілеу орталығының қолдауымен, ҚР аумағында короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында шетелдегі қандас жастарға ҰБТ «Онлайн» өткізу шешімі қабылданды.

Білім және ғылым министрлігі тарапынан талапкерлерді ұлттық біріңғай тестілеуге даярлайтын дайындық бөліміне 2018-2019 жылы 992, 2019-2020 жылы 1300, 2020-2021 жылға 1300 орын бөлінген. Жыл сайын қандастарды қабылдауға арналған квота 2%-дан, 4%-ға өсті. 2020 жылы ҰБТ тапсыруға 2025 қандасымыздан өтініш түсті. Қандас талапкер жастардың басым бөлігі ҰБТ ел ішінде тапсырды. Елге келе алмаған қандас талапкерлердің онлайн тест тапсыруына атсалысқан барша мамандардың қызметіне ризашылығымды білдіремін», - дейді «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов.   

Еске салайық, қандас талапкерлер онлайн тестілеу барысының бейнежазбасын Ұлттық тестілеу орталығының nct-kt@mail.ru поштасына жіберілмеген жағдайда, тестілеу нәтижесі жойылатын болады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596