Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 4752 19 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 18:58

Беларусь билігі: «Бұлар - орыс содырлары!»

Беларусияның құқық қорғау органдары шетелдік 33 әскери «агентті» (Беларусь ақпараты оларды «содырлар» деп атаған. ) тұтқындағанын хабарлады. Кешелі-бергі Беларусия мен Ресей ақпараттық кеңістігіндегі бас талқының тақырыбы – осы ұсталған 33 содырдың төңірегінде өрбуде.

Беларуссия құқық қорғау органдары елдегі президенттік сайлаудың қарсаңында шетелден 200-ге жуық содырдың келгенін хабарлаған. Ал бүгін Минскі маңынан 32 содырдың тұтқындалғанын, және тағы бір содырдың Беларусияның оңтүстігінен ұсталғанын ресми мәлімдеді.

;feature=emb_title

Беларусия бұл ұсталғандардың Ресейден келгенін, «Вагнер» жеке әскери компаниясының содырлары екенін айтқан.

«Ресейліктердің әрқайсысында кішкентай жүк сөмклері мен үш үлкен әрі ауыр чемодандар болған. Шілденің 24-інен 25-іне қараған түні бір топ содыр Минскідегі қонақ үйлердің біріне қоныстанған. Кейін олар басқа жақтарға көшуі керек болған.  Олардың біреуі 27 шілдеде қонақ үйді тастап, Минск облысындағы шипажайлардың біріне ауысқан», - делінген Беларусь таратқан хабарламада.

Ал орыс ақпараты ұсталған азаматтар туралы Беларуссия билігі Ресей елшілігіне хабарламағанын жазыпты. Сәйкесінше, Ресейдің Беларусиядағы дипломатиялық тобы ұсталған азаматтар туралы ақпарат пен тізімді сұраған.

Опубликованы имена 33 задержанных в Белоруссии «боевиков из России»

Беларусия қауіпсіздік қызметі тұтқындаған 33 адамның тізімі ақпаратта ашық жарияланды. Сонымен, тізім:

1. Милаев Арем Викторович, 01.02.1981 ж.т
2. Бахтигараев Тахир Минигаянович, 18.04.1980 ж.т.
3. Алтухов Александр Викторович, 18.04.1980 ж.т.
4. Ли Владимир Александрович, 26.07.1989 ж.т.
5. Кожевников Андрей Юрьевич, 16.01.1980 ж.т.
6. Сапронов Алексей Владимирович, 08.07.1978 ж.т.
7. Щербаков Сергей Владимирович, 21.07.1981 ж.т.
8. Волгин Алексей Владимирович, 21.06.1975 ж.т.
9. Дрига Олег Игоревич, 03.06.1986 ж.т.
10. Павленко Сергей Григорьевич, 25.06.1976 ж.т.
11. Руденко Александр Святославович, 26.12.1984 ж.т.
12. Харитонов Денис Юрьевич, 16.03.1980 ж.т.
13. Сидоров Сергей Александрович, 01.01.1972 ж.т.
14. Кошман Максим Ярославович, 06.09.1981 ж.т.
15. Бубнов Сергей Геннадьевич, 08.01.1971 ж.т.
16. Нижник Павел Александрович, 24.06.1987 ж.т.
17. Селихов Владимир Иванович, 04.10.1986 ж.т.
18. Фетисов Геннадий Евгеньевич, 22.10.1986 ж.т.
19. Фомин Михаил Николаевич, 07.03.1973 ж.т.
20. Екимов Владимир Сергеевич, 19.10.1973 ж.т.
21. Каримов Ринат, 15.08.1984 ж.т.
22. Шубин Александр, 15.01.1996 ж.т.
23. Шеломенцев Игорь, 18.08.1975 ж.т.
24. Маслов Сергей Алексеевич, 29.09.1988 ж.т.
25. Зайдулен Рустем, 06.10.1974 ж.т.
26. Токаренко Андрей Викторович, 24.01.1965 ж.т.
27. Сердюков Андрей Викторович, 16.08.1975 ж.т.
28. Сергеев Федор Михайлович, 17.05.1987 ж.т.
29. Танов Рафик Кабулович, 30.04.1975 ж.т.
30. Зяблицев Евгений Сергеевич, 23.11.1992 ж.т.
31. Самарин Павел Львович, 11.11.1981 ж.т.
32. Бакунович Андрей Петрович, 30.12.1977 ж.т.
33. Шацкий Артем, 30.07.1982 ж.т.

Беларусия ресми түрде мәлімдеме жасап: «Бұлар сайлау кезінде ел ішіне бүлік салуға келген орыс содырлары», деп отыр. Ал Ресейлік саясаткерлер: «Ресей Беларусь ішіне іріткі салуға мүдделі емес», деп ақтала сөйлеп, Александр Лукашенкоға «ақ-адал» екендіктерін айтыпты.

Депутат Думы Леонид Калашников сообщил, что заразился ...

(Дума депутаты Леонид Калашников)

Міне, қараңыз:

Мемлекеттік Дума депутаты Леонид Калашников: «Ресей Беларусь президенті Александр Лукашенконы ылғи да қолдап келеді. Ол жерде қайдағы бір ресейлік компанияның, оның үстіне жеке-меншік күзет агенттігінің өкілдерінің ұсталуы – адам сенгісіз жағдай», - депті.

Орыс саясатшылары ақталып сөйлеп, «Беларусь біздің досымыз» дегенді бірінен-соң бірі қайталап жатқанда, Минскі жақтан тағы бір ақпарат шықты. Тағы бір ресейлік саясатшы тұтқындалыпты. Политтехнолог Виталий Шкляров дейтін адам. Ол – әлеуметтік желілердегі әртүрлі топтардың басшыларына кеңес берген.

Виталий Шкляров (Фото: Катерина Преснецова / Wikimedia Commons)

(Виталий Шкляров, ресейлік саяси технолог)

Беларусь ақпаратының айтуынша, ол Ангела Меркельдің, Барак Обаманың сайлау компанияларында қызмет еткен. Ресейдегі сайлау кезінде Ксения Собчактың командасында болған көрінеді.

Лукашенко отреагировал на задержание россиян в Белоруссии - РИА ...

24 шілдеде М.Горькадағы бесінші жеке арнайы бригадаға барған сапарында Беларусь президенті Александр Лукашенко елге келген жеке әскери компаниялар туралы айтқан.

«Мемлекеттік хатшы дұрыс айтады, барлық соғыс көшедегі наразылықтар мен демонстрациялардан басталады. Содан кейін Майдан болады. Егер Майданда, біздің адамдар болмаса (бізде «Майданшылар» аз), олар сырттан тартылады. Бұл кәсіби әскери адамдар, бүкіл әлемде арнайы дайындықтан өткен және белгілі бір мемлекеттерде арандату жасағаны үшін үлкен ақша алатын «бандиттер», - деген Лукашенко.

Ресей де, Беларусия да Қазақстанға экономикалық және географиялық бөтен мемлекеттер емес. Еуразиялық экономикалық одақты құрушы үш мемлекет – Қазақстан, Ресей мен Беларуссия. Қазақстан билігінің, қазақ билігінің Ресейге деген ынта-көңілін, көзқарас-ұстанымын біз айтпасақ та біліп отырсыздар... Қазақстанда Ресейдің әскери базалары орналасқан. Байқоңыр – ол, жалға берілген. Осыдан 4-5 жыл бұрын ел билігінің кейбір өкілдері Ресейге «шпиондық» жасады деген айыппен сотты болғаны да есімізде. Енді міне, одақты құрған әуелгі үштіктің бірі – Беларуссия, екіншісі – Ресейдің 33 содырын, 1 саяси технологын тұтқындағынын хабарлады.

Украинының сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, «біз ескерткен едік», депті, әне. Біз ше? Ескердік пе? Біздің елде де осындай арандатқыш «агенттер» мен сойқан салғыш содырлар жүрмесіне кепіл кім? Әрине, біздікі қауіптің сөзі.

Беларуссия мен Ресей арасындағы осы мәселеге Қазақстан қандай реакция білдіруі керек? Біз бұл жағдайдан қандай сабақ алуымыз керек? Осы мәселеге қатысты саясаттанушы Әзімбай Ғалиды сөзге тартқан едік.

Әзімбай Ғалиді шәкірттері ұстап бермек

Әзімбай Ғали:

- Ресей тек қана Белорусия емес, арғы жағында Украинаның бір бөлігі - Қырымды тартып алды. Донецк пен Луганскіге жансыз солдаттарын жіберді. «Их там нет» дегендей. Енді міне сондай адамдар Белорусияға кіріпті.

Лукашенко егемендігін сақтады, бірақ, беларусь тілін құртты

Белорусия өзін одақтық мемлекет деп жариялаған. Лукашенко: «Біз бауырлас, одақтас, өзара жақын туысқан, бір мемлекетпіз», деген. Сол үшін Ресей оған қайтарымсыз кредит беретін.

Сонымен қатар Путинге өз халқының алдында, сайлаулардың қарсаңында абырой керек. Қырымда орыстар үлкен абырой жинады. Путин кейде: «КСРО-ны қалпына келтіремін», дейді. Соңғы сөздерінің бірінде: «Біз АҚШ пен терезесі тең үлкен мемлекет болуымыз керек. Сол үшін қайта біріугіміз қажет», дегендей сөздер айтқан. Бірақ, Украина біріккісі келмеді. Белорусия онсыз да бір мемлекетпіз, деді. Енді міне жансыздарын ұстап жатыр. Ресей өз жансыздарын дәл сайлаудың алдында жіберді.

Әрине, Лукашенко қайбір демократ дейсіз, диктатор ғой. Оның бір жақсысы – егемендігін сақтады. Бір жаманы – беларусь тілін құртты. Енді ойлап көріңізші, қазақтан қазақ тілін тартып алса, қалай болатын еді? 

Украиндердің бір бөлігі: «Бір мемлекет болмаймыз ба? Ресейде мұнай көп, газ көп, шет елден сұрағанша», дейді. Екінші бөлігі: «Еуропалық Одаққа кірсек», дейді. Бір жағынан демократиялы ел болғысы келеді, бір жағынан егемендігін де сақтағысы, сонымен бірге, Ресейден тегін ақша алғысы келеді.

Назарбаев пен Қажыгелдин ең мықты нарықтық реформа жасады

Мысалы, бізде 90-жылдары Назарбаев пен Қажыгелдин ең мықты нарықтық реформа жасады. Соның арқасында біз 2000 жылдан бастап жақсы өстік. Ал, сол кездегі Елцин мен Гайдардың реформасы әлсіз болды. Белорусия мен Украина ондай реформа жасаған жоқ. Сондықтан олар кенжелеп қалды.

Ал, Белорусияның жағдайы - не реформа жоқ, не батыс емес, не орыс емес, не тұрмысы керемет жақсы емес. Әйтеуір егемендікті сақтағысы келеді. Міне осындай күрделі жағдайда Путин өз мақсатын тездеткісі келді. Оған жеңіс керек. Енді: «Белорусия деген мемлекет болмады», дегендей әңгіме айтады.

Қазақстан орыс тілді мемлекет емес!

Иә, ондай жансыздар бізге де келген. Ал, Қазақстан сыртқы саясатта «компрометацияға» барғысы келмейді. Содан кейін, біз орыс тілді мемлекет емеспіз! Қазақ 70%. Біздің қорқатынымыз тек қана солтүстік территория. Ресейдің қаупі. Бір жағынан Қытай бар. АҚШ бізді жақтайды, бірақ, сөзбен ғана. Дипломатиямен! Ол жақсы, бірақ, пәрменсіздеу. Иә, санкция салады, ол Ресейге ауыр тиеді, бірақ, түбегейлі құртып жібермейді. Ресейде, «қара су ішсек те Империяны қайтару керек» деген күштер бар. Сондықтан, Ұлттық қауіпсіздікті нығайту керек!  

Қазақыландыру үшін әлі 10 жыл уақыт керек

Ал, ұлттық қауіпсіздікті күшейту жұмыстарын солтүстік аймақтарды қазақыландырудан бастау керек. Ол жердегі орыстар онсыз да көшіп кеткен. Сондықтан, солтүстік өлкелерді жабу саясаты жүріп жатыр. Бір жағынан біз Ресейге одақтаспыз. Екіншіден, «жау жоқ деме жар астында» деген де ұстаным болу керек.

Қазір мысалы, Қостанай облысында қазақ 38%. Солтүстік Қазақстанда 38%. Бізге қазақыландыру үшін әлі 10 жыл уақыт керек. Ырду-дырдумен 10 жыл да өтіп кетеді. 

Әрине, әскери дайындықтар да керек. Бірақ, Қытай тұр. Одан да ауыр ментарифті мемлекет. Сондықтан Ресеймен де одақтық қатынастарды доғаруға әлі ерте.

Дайындаған Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

19 пікір