Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2916 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 05:06

Мұхан Исахан, Ақмарал Сатыбалды. Мұхаррам айы және Ашура күні

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жеткізуіне қарағанда Қазақ халқы Ашура мерекесін Наурыз мейрамы ретінде тойлаған. Өйткені, Ашура мен Наурыз мерекелерінің мазмұны бір. Атауларының басқа болуының себебі, Ашура  - араб сөзі болса, Наурыз - парсышадан трансформацияланған термин. Ал, күндерінің өзгеріп келуінің сыры - Ашура мерекесі ай есебімен жылда өзгеріп отырса, Наурыз күн есібімен Қамалдың 21-не аталып өтіледі.

Ашура - Хақ жолындағы қауымдардың азғындықтың құрсауынан құтылған күні. Сондықтан, адамзат баласы бұл ұлы жеңісті әрқашан ұлықтап, азғындықтан бойын аулақ ұстап, тәубасынан жаңылмауға тиісті. Әсілі, дүниенің аударылып-төңкерілуі зұлмат емес, адам баласының ниетінің бұзылуы нағыз зұлмат. Себебі, Ұлы Жаратушы жаратқан құлдарын ізгі ниетіне қарай жарылқап, жаман пейіліне қарай жазалайды. Бұл өзгермейтін заңдылық, бұл заңдылықтан тек қана ғибрат алуға тиістіміз.

(толығырақ haq.abai.kz сайтынан оқи аласыздар)

0 пікір