Сейсенбі, 11 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 99442. Жазылғандар — 72523. Қайтыс болғандар — 1058
737 4 пікір 29 Шілде, 2020 сағат 15:15

Жемқорлық туралы хабарлаған жеті адам 1,5 млн теңге сыйақы алды

Биыл Ақмола облысында жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 7 тұлғалар ынталандырылды. Оларға 1 161 520 теңге сыйақы берілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті хабарлайды.

Облыста осы жарты жылдықта 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 7 – сі жұмыстан босатылды. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (35 адам), сондай-ақ 7 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Бұл ретте жазаланғандар арасында - 16 басшы қызметіндегі тұлғалар болды.

Сондай-ақ, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 161 520 теңге сомасына 7 тұлғалар ынталандырды. Бұл көрсеткіш іс жүзінде өткен жылдың 12 айы нәтижелеріне тең және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға азаматтардың үлкен белсенділігінің көрінісі болып табылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

4 пікір