Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 11358 5 пікір 28 Шілде, 2020 сағат 12:59

3 тамыздан бастап кімдер жұмысқа шығады, кімдер жоқ?

Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елімізде карантиндік шектеулер біршама жұмсартылатыны туралы хабарлаған еді. Бүгін өткен Үкімет отырысында министр Алексей Цой 3 тамыздан бастап жұмысын қайта бастайтын салалар туралы айтыпты.

«Санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтап, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстану керек. Егер 2020 жылдың 3 тамызында елде инфекцияның репродуктивтік деңгейі азайса, бір апта ішінде ауруханалардағы төсек-орындар босап, науқастар 70%-дан төмен болса, осы аурудың өлім-жітім динамикасы төмендеп, жағдай тұрақталса, онда бірқатар инфрақұрылым нысандарының жұмысына рұқсат етіледі», - депті министр.

Сонымен, 3 тамыздан бастап кімдердің жұмысына рұқсат?  

– Сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын базарлар,

– балаларға арналған коррекция кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, 5 адамнан аспайтын үйірме топтарына,

– мектепке дейінгі мекемелердегі кезекші топтарға;

– сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызметтер, маникюр, педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен сүлулық салондарының қызметіне,

– әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, таза ауада жеке және топ болып спорт жаттығуларымен айналысуға;

– 30 адамнан аспайтын ұтттық құрама командаларға арналған спорттық жаттығуларға;

– 3 адамнан аса топтаспай, адамдарға көшеде, саябақтарда қыдыру, алаңдарға және жағалауға баруға рұқсат.

– Мемлекеттік қызметкерлер мен кеңсе қызметкерлерінің кемі 80%-ы қашықтан жұмыс жүргізеді.

Бетперде тағу, санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, кондукторы бар қоғамдық көліктерге жолаушылар санын 50%-дан асырмау міндетті.

Қандай нысандардың жұмысына рұқсат жоқ? 

– Жаппай адам жиналатын шараларға, кинотеатрлар, фудкорттар, көңіл көтеретін ұйымдар, банкет залдары, ресторындар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына,

– мәдени шаралар, конференция өткізу, форум, көрме өткізуге,

– фитнес орталықтар, бассейндер, аквапарктер, саяжайлардың жұмысына,

– діни нысандардың жұмысына,

– қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарынан басқа электр пойыздарының) қозғалысына әлі де тыйым салынады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622