Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Алаң 4588 7 пікір 27 Шілде, 2020 сағат 15:43

Қазақ мәдениетін «орыс тілділерге» қалай танытамыз?

Қазақ тілді қауымды толғандырып отырған бір дүние «орыс тілі» арқылы қазақты танытудың жалпыұлттық концепциясы өмірге келе ме?! Егер ол өмірге келе қалса, ұтамыз ба, әлде ұтыламыз ба деген сауал. 

Посткеңестік кеңістікте шешімін таппайтын дүние жоқ. Бәрін қиындатып отырған орыс ұлықағанаттық кеудемсоқтығы. Дәл қазір күні өтіп бара жатқан орыс империялық амбициясының кесірінен ТМД-да  өз шешімін таппай жүрген басты мәселе – «орыс мәдениеті» және «орыс тілділер мәдениеті» делеммасы. Ресей жағы осы екеуін бірлікте алса, өзге тәуелсіз мемлекеттер бұлардың әрқайысы өз алдына дербес мәдениет болып табылады деген ұстанымда. Оның үстіне өзге ұлт өкілдері болып саналатын «орыс тілділер» қауымы осы саяси-мәдени текетіресте қай жаққа шығарын білмей дал болуда. Бұл қысылтаяңнан шығудың жолы бар ма?! Болса ол не!? 

Қысталаңнан шығудың жалғыз жолы – өз ұлтын өзгеге «орыс тілі» арқылы танытудың жалпыұлттық концепциясы. Бұл үшін елімізде қазақ тілді барша БАҚ материалдарын орыс тілінде аударып жариялайтын дербес аудармашылар мектебі ашылып, оның бюросы бірден қызу жұмысқа кірісуі керек. Бұған «Алтын Орда» сайтын ашқан танымал жорналшы Серік Малеев: «В современной России есть определенные силы, которым выгодно лепить образ врага из тех же: американцев, украинцев, грузин, поляков, прибалтов. Кого там еще?

И казахи в этом плане не исключение. Многие российские политики и журналисты сегодня пугают своих соотечественников жупелом казахского национализма и возрождающегося пантюркизма, так и не находя объяснения объективным процессам, происходящим в казахстанском социуме.

Они все еще рассматривают мир с позиций российского великодержавного шовинизма, не в силах объяснить, без навязывания устаревших советских ярлыков и штампов, всю важность изменений, происходящих в бывших постсоветских республиках. Где, по сути, идут процессы национальной самоидентификации титульных наций, не только не несущие угрозы национальным меньшинствам, но и напротив, встраивающие их в сетку единой государствообразующей нации»,- деп, қазақи таным-түсінік аясында өз пікірін білдіреді.

Тап осындай ауанда дәл қазір Ресей жүргізіп отырған ақпараттық соғысқа тойтарыс бере аламыз. Қазақ мәдениеті мен руханиятының өзге ұлт өкілдері болып саналатын «орыс тілділерге» танылуына қол жеткіземіз. Осы күнге дейін қазақтың жан-дүниесін түсінуге кедергі болып келген «Ақпараттық ваккумнан» арыламыз. Сонымен бірге тәуелсіздік жылдары өмірге келген ұлтты қазақ «орыс тілділер» арасынан қос тілді қазақ дүниетанымы мен мәденитетін, тарихын т.б. тақырыптарды «орыс әлеміне» танытатын отандық сайттарды өмірге әкелуге кім кедергі!? Ұлтсызданған оның үстіне қазақи материалдарға орын бермейтін ресейшіл ұстанымдағы орыс тілді басылымдарды жабу науқаны да билік тарапынан жуық арада қолға алынуға тиіс. 

Бізді бұл қадамға баруға күннен-күнге бел ала бастаған Ресейлік «қаңбақ күш» (soft power) саясаты амалсыздан мәжбүр етуде.

Орталық Азия мен Кавказ елдері әм Украинаға, әм Беларусқа қатысты орыс отарлаушылығын ақтайтын пікір мен ойды қалыптастыру Путин билігінің басты ұстанымына айналды. Ресейшіл басылымдарға осы тақырыпта жазуға Орталық Азия мен Кавказ елдері әм Украина, әм Беларустағы «soft power» мол қаражат пен грант бөлініп жатыр. Осы қаражат пен грантты иелену үшін КСРО шекпенінен шыққан бұрынғы одақтас республикалардың ұлты орыс емес зиялылары Орталық Азияның «Атын Қақпасы» Қазақстанға қарсы жалаға толы пікірлерді көйіте бастады.

Тегі этникалық орыс емес авторлардың Қазақтың өткені және бүгініне қатысты сараптамалық мақалаларын Ресейлік БАҚ тұрақты жарияланып келеді. Осы арқылы қазақтың ешқашан мемлекеті болмаған деген ұғымды қалыптастыруға тырысқанымен кейде жүрістерінен жаңылып, мемлекетіміздің болғандығын жалған әм бұрмаланған тарихтан тұрса да Зуунгар Ирвэс дегеннің «Жоңғар тайшылары қазақ ханын қалай алмастырды //Как Зуунгарские Тайджи подменили казахского хана» атты жалаға толы мақаласы көңіл аударуға тұрарлық.  

Қазақ десе қаны қас ресейлік басылымдардың бірі UKRAINA.RU екенін көзі қарақты алаш баласы жақсы біледі. Аптасына үш-төрт рет қазаққа қарсы тас атпаса тұра алмайды.

Ресей президенті жанындағы ұлтаралық қатынастар бойынша Кеңестің мүшесі Богдан Безпалько «Ресей АҚШ-тан үлгі алып, өзінің «soft power» лоялдылық принципі бойынша қайта құрып, посткеңестік кеңістіктегі  орасан зор тарихи әм мәдени капиталын өрістете түсуге тиіс... Ресейлік посткеңестік кеңістіктегі  «soft power» қолдану тәжірибесі біздің бұл кеңестіктегі әлі күнге дейін сақталынып қалған орасан зор мүмкіндігімізді өз кәдемізге жарата алмай отырғанымызды көрсетіп берді. Оған мысал, орыс тілі, кирилл графикасы, ортақ мәдениет немесе әлемдік болып табылатын жалпақ жұрт таныған әм әлі күнге бұл өңірлерде дәурені жүріп тұрған орыс мәдениеті. Өкініштісі сол біз осы әлеуетімізді жүзеге асырып, Ресейге бүйрек бұрғызатын бағытта түк тындыра алмадық. Әрі осы мақсатты жүзеге асыратын қоғамдық ұйымдарды, жалпыбұқаралық қозғалыстарды, мәдени партияларды өмірге әкеле де алмадық» деп мәлімдеп, Қазақстанға қатысты «Ең бірінші бізге керегі. Бұл – «soft power» концепциясын қайта қарау. Ол үшін ешкімнің көңіліне қарамай, орыс мәдениеті мен орыс тіліне арқа сүйеуге тиіспіз.  Өзіміздің келеңсіз қарым-қатынастарға қатысты жаратпаушылығымызды ашық білдіруіміз керек. Мәселен, Қазақстанның латынға көшуі. Өз басым бұны өте-мөте кесірлі құбылыс деп санаймын»,- деп, өз пікірін білдіруі біздің билікке ой салуы керек-ақ! .  

Гүржі саясаттанушысы, SIKHA foundation негізін салушы Арчил Сихарулидзе: «Ресей soft power қатысты Батыспен ашық күреске шығып, посткеңестік елдерде АҚШ-тың либералдық демократиясына балама бола алатын консервативтік демократияны қалыптастыруы керек»,- деп санайды.   

Осы басылым тілшісі Ксения Симактың: «Арчил, бүгінгі күні антиресейлік көңіл-күй Украина мен Гүржістанда ашық бой көрсетсе, өткен жылдың соңынан бастап бұл дертке Белорус та шалдықты. Қазақстан болса, георгий жолағы мен кириллицадан бас тартты… Сіз қалай деп санайсыз, бұл осы елдердің әлдебір ішкі саяси жағдайының нәтижесі ме, әлде Ресейдің таяу шетелдердегі сыртқы саясатының себеп-салдары ма?» деген сауалына төмендегідей жауап беріледі:

«Қойылған сауал өте күрделі болса да, нақты жауап беретін болсам, бұл Ресейдің кінәсі. Істің шын мәнісі Украина мен Гүржістанға қарағанда Қазақстандағы жағдай мүлдем өзгеше. Қазақстанның латынға көшуі Ресейден басын ала қашу емес, тек геосаяси векторын алмастыру. Ол жақта бұны Қазақстанның Ресей арқылы батыс әлемімен жақындасу процесі деп қарастырады. Яғни, векторды ауыстыруды айқын ұғынған Гүржістан мен Украинадан қарағанда Қазақстандағы өзгешелік екі жаққа алақтаған әрі-сәрілік болып табылады. Дегенмен, Шығыс Қазақстанды үнемі ежелгі орыс жері деп сөз қозғау әлбетте, қазақ-ресей қарым-қатынасына кіреуке түсіреді».

Сөз соңында айтпағымыз, ресейлік soft power күш алды. Енді бұл толастамаса еш бәсеңсімейді. Орыс  soft power дәл қазір Ресей азаматтығын берудің 5 санатынан бастау алып тұр. Оған күнделікті үдей түскен ақпараттық мылтықсыз майданды қосыңыз. Бұған қазақ билігі «көпұлттылық» концепциясынан бас тартып, орыс тілді БАҚ құралын қазақ мәдениеті мен дүниетанымы әм алаш идеологиясын насихаттайтын контетнтке айналдырып қана ес жиғызбас соққы бере алады. 

Алдан Айымбетов ағамыз 1993 жылдың қаңтарында өмірге әкелген ұлттық-патироттық «Казахская правда» газеті бағыт-бағдар болатын ресейге тәуелсіз алаштық орыс тілді БАҚ құралдары мен қазақ тілді БАҚ өзекті мақалаларынан тұратын аударма сайттар ғана империяшыл soft power ойға алған істерін жүзеге асыртпайды. Қазір қазақ тілді басылымдар «қазақ боксы» деп жазса, орыс тілді басылымдарда «қазақстандық бокс» деп жазылады. Бір ел, бір мемлекет бірақ – екі дүниетаным. Сол себепті, отандық БАҚ ресейшіл орыс тілді ой-пікірге елімізде цензура орнатылуға тиіс. Онысыз бүкіл іс-әрекет құр зая кетеді. 

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

7 пікір