Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3240 0 пікір 2 Желтоқсан, 2011 сағат 04:49

Дариға Назарбаева Үлкен театрда «Сәлем, Россия!» деген концерт қойды

Мәскеу. 2 желтоқсан. ҚазТАГ -Үлкен театрдың жаңа сахнасында Дариға Назарбаеваның Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Сәлем, Россия!» атты концерті өтті.

Дариға Назарбаеваның концерттік бағдарламасында қазақ, орыс және шетелдік классиканың белгілі туындылары, романстар және соғыс жылдарының танымал өлеңдері орындалды.

«Концертке РФ мәдениет министрі Александр Авдеев, РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Денисов, Әзербайжанның Мәскеудегі елшісі Полад Бұльбұлоғлы, ресейлік тележүргізуші Сергей Брилев, танымал әнші Анита Цой қатысты», - деп хабарлады ҚазТАГ-қа концертті тамашалағандардың бірі ҚР журналистер одағының Қостанай филиалының төрағасы Сергей Харченко.

Дариға Назарбаева қазақстандық пианист Тимур Орманшеевтің аккомпаниментімен және «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, сондай-ақ, РФ халық әртісі Виктор Елисеевтің жетекшілігіндегі Ресей ІІМ Академиялық ән және би ансамблі хорының сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Қазақстандық қонақтардан концертті сенатор Оралбай Әбдікәрімов, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаева, «Иволга холдинг» холдингтік компаниясының бас директоры Василий Розинов тамашалады.

Мәскеу жұртшылығы Қазақстан президентінің үлкен қызының вокальдық шығармашылығымен жақсы таныс. Осыдан бірнеше жыл бұрын ол Үлкен театрдың Бетховен залында концерт қойған.

0 пікір