Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 5166 20 пікір 23 Шілде, 2020 сағат 11:44

Ресейге алақан жаю - кіріптарлық!

Шынын айтқанда, біздегі орыс тілінде тарайтын ақпараттардың дені елімізде туындыған қиындықтарды көрсе, бөркін аспанға атып, бір шаттанып қалатындығын қайтерсің. Мұнысын сірә, өздері Отаны деп есептейтін Ресейдің беделін бір көтеріп тастауға тиімді пайдаланып қалады. Және ондай тұстарды сыпайылық дегенді мүлдем басқа жаққа ысырып қояды.

Мәселен, жақында ғана елімізге белгіл бір сайтта Ресейдің «Взгляд. Деловая газета» атты басылымынан көшіріп басқан мақаласын осындай дүниелердің қатарына қосуға әбден болады. Ең бастысы, айқайлатып қойған «Коронавирус заставил соседей умолять Россию о помощи» деген тақырыбының өзі неге тұрады? Ал ары қарай оқысаң төбе шашың тік тұрады? Бейне бір, мына біз, Орталық Азия халықтары қатты бір бүліншілікке ұшырап, құрып кетудің сәл алдында тұрған секілдіміз.

Мақала авторы Евгений Погребнюктің бізге деген «жанашырлығы» тіпті ерекше. «В нашей стране самая высокая степень смертности. Мы не выдерживаем натиска. Прошу вас помочь». «Наша страна столкнулась с реальной опасностью гуманитарной катастрофы». Все это – цитаты из обращений к российскому руководству от представителей общественности стран Средней Азии. Граждане этих стран потрясены той эффективностью, с которой Россия справляется с болезнью, - деп бірден қара аспанды қапылтады.

Бір қызығы, осылай дей келе автор «әзірге Өзбекстан мен Тәжікстанда жағдай бір қалыпты. Ал Түркіменстан ешкімге жақ ашпайды, - дейді де бұл індеттің тек қана Қырғызстан мен Қазақстанды біржолата жаулап алғандығына тоқталады. Бұл жерде біздің қырғыз бауырларларымыздың басына түскен нәубетке көп тоқтай қоймалық. Әр ел мүмкіндігінше онымен күресіп жатыр ғой.

Ал біздегі ахуалдың тым мүшкіл екендігін өзіміз де жасырмаймыз. Короновирус деген індетті дер кезінде тоқтата алмағанымызға тек үкіметті кінәлай беруіміз әділетсіздік. Белгіленген қатаң тәіртіпті сақтамадық. Медициналық бетперде тағуды артық санадық. Той тойлауды тоқтата тұрайық дегенді құлаққа да ілмедік. Індет бой бермеуге айнадлғанда дәріханаларды жағалап, керек болсын, болмасын, дәрі-дәрмекті көтере сатып алып, оны кейін бизнеске айналдырдық. Енді кімді кінәлаймыз? Тек бір өкініштісі, қолымызда мол байлық бола тұра медицинаға мүлдем көңіл бөлмей, оған дұрыс қаржы да бөлмей, жетім баланың күйін кештірген үкіметіміз не деп ақталады?

Енді келіп, аталмыш мақаладағы елімізге келіп-кеткен Юрий Дорохов деген журналистің: «Уже в первые часы после въезда в Россию из Казахстана я испытал настоящий шок. Полное ощущение, что вернулся в глубокий тыл из зоны боевых действий. Люди расслабленные, спокойные. Никакого особого стресса не наблюдается. <...> Зашел в аптеку – еще один шок. Есть ВСЁ. Правда, по рецептам. У меня было дикое желание скупить всю аптеку и отправить в Алма-Ату», - деген сөзін қалай бағалаймыз? Шылғи өтірік деу де қиын, таза шындық деп де айта адмаймыз. Мұның аты журналистің жанды жарімізден басуы екендігі анық. 

Бұл орыс журналисінің сөзін дұшпандыққа бағаламай-ақ қоялық. Тек бір өкініштісі, қолда бар дүниені ұқсата алмай, өзгелерге алақан жаюмыз, түптеп келгенде, елдігімізге сын. Осы уақытқа дейін тегін келген дүние деп, мұнайдан түскен мол олжаны ешкімге керегі жоқ, «еліміздің имимджін көтереді» деген сылтаумен миллиондаған емес, миллиардаған долларды ысырап еткенімізды кімнен жасырамыз? Осы түпсіз байлық бізге ағыла береді деген ертегіге сеніп, әлгіндей індетпен күресуде көршілеріміз - Өзбекстан мен Тәжікстаннан да кенде қалғанымыз ащы шындық.

Ендеше аталамыш мақаладағы автордың: «Чем больше ситуация становится критической, тем больше обращаются за помощью извне. На том же заседании Евразийского межправительственного совета премьер-министр Казахстана Аскар Мамин еще раз напомнил Михаилу Мишустину о тяжелом положении в республике, отметив, что в Казахстане следят за испытанием российской вакцины, и попросил о поставках вне очереди.

«Самое главное, мы получили компетенции российских врачей, которые приехали, работали и работают в разных регионах Казахстана»... «В этой связи мы рассчитываем на то, что когда начнется промышленный выпуск вакцины с тем, чтобы Казахстан имел возможность приобрести партии вакцины в числе первых стран, имел возможность применить среди населения. Это очень важно», – цитирует казахстанского премьер-министра РИА Новости, - деген сөзіне баға беруді артық санадық. Өйткені мұны өтірік деуге дәлеліміз жоқ. Оның үстіне кезінде баспасөзде «Біз вакцинаны Ресейден бірінші болып аламыз» деген алақайлаған «жаңалықты» өз көзімізбен оқығанбыз.

Шындығын айтқанда, біздің Ресейге осыншама жалынудың реті де жоқ секілді. Бұл көршіміз короновирус ауруы жөнінен бүкіл әлемдегі көшбасшылардың арасында. Екіншіден, Ресей жасаған бұл вакцина жайлы баспасөз бетінде әртүрлі пікір айтылады. Негізіне АҚШ-та жасалған вакцинаның емдік қасиеті әлдеқайда күшті көрінеді. Ана Жапония мен Оңтүстік Кореяда жасалған вакциналар да ешкімнен олқы түспейді. Онан қалса, тіпті мына қасымызда сол індетпен ойдағыдай күресіп, мол тәжірибе жинаған Қытай деген де көршіміз бар. Ол да өтінішімізді аяқ асты етпес еді. Міне, енді өздеріне сәтті жағдайды ұтымды пайдаланған Ресей журналистері өздерінің әлі де күшті екендігін, бұрынғы Кеңес Одағынан шыққан елдердің оған әлі де тәуелді екендігін тағы бір нұқып өтті. Қайтесің, көнесің дағы.

Жайберген Болатов

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3520