Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 7519 14 пікір 22 Шілде, 2020 сағат 18:12

Сенаторлардан сұрау бар ма?

12 тамызда Сенат депутаттарының сайлауы өтеді. Алайда, қазір бұл саяси науқан туралы көп ақпарат жазылып жатқан жоқ. Індет өршіп, ел де, ел басқарушылар да абыр-сабырға салынып жатқан осы кезде ешкімнің саялауды ойлап, сарсаңға түсіп жатпасы да түсінікті. 

Алайда ақпараттық насихаты коронавирус пандемиясының тасасында қалып қойған Сенат сайлауы дейтін саяси процесс бір сәтке тоқтаған жоқ. Науқан жалғасып, кандидаттар тіркеліп жатыр. Сенат сайлауына бюджеттен қанша қаражат бөлінді? Сенатта кімдер отыр? Кімдердің депутаттық мерзімі аяқталды? Бұған дейін жаздық.

Бүгін белгілі заңгер, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы сенат сайлауы туралы жазыпты. Төреғожина ханым өз жазбасында: «Елдегі қоғамдық-саяси мәселелерге келгенде үнсіз қалатын сенаторлардан сұрау бар ма», депті. Аталған жазбаны оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Редакция


БҰҰ комитетінің Төреғожина ісі жайлы орындалмаған шешімі

(Сурет Азаттық сайтынан алынды)

Бақытжан Төреғожина:

- Біз бәріміз қос бірдей карантинге түскенімізге, адамдар марқұм болып жатқанына, елдегі тәртіпсіздікке, дәрі-дәрмектің жоқтығына, ауруханаларда орын болмағанына, барлық саланы жемқорлық жайлағанына қарсы наразылығымызды билікке виртуалды түрде айтамыз, жазамыз. Бірақ, билік біздің қасымызда жүр. Бұлар қалай болғанда да биліктің заң шығарушы саласы ретінде елдегі жағдайға жауап беретін депутаттар. Олар да қазір, басқалар сияқты, коронавирус нысанасында.

Біз әрқайсымыз іс жүзінде олармен бетпе-бет тұрып, айналада болып жатқан бассыздықтарға не үшін үндемейтіндерін, неге оны көрмейтінін сұрай аламыз ба? Олар қазір не істеп жатыр? Олар елді қалай сақтайды? 12 тамызда кезекті Сенат сайлауы.

Төменде 16 сенатордың тізімі берілген. Олардың 13-і Сенаттан кетеді, өйткені олар өз кандидатураларын жаңа мерзімге ұсынбаған. Ал 3 сенатор С.М.Ершов, О.В.Перепечина және Бектаев қайта сайланды. Менде көпшілікке сұрақ бар: осы сенаторлар пандемия кезінде ел азаматтары үшін бір нәрсе жасады дегенді естігендеріңіз бар ма?

Біз олардың бірінші карантин кезінде митингілер туралы жаңа заң қабылдап, қалай ұятқа қалғандарын көрдік. Өйткені олар «Парламенттік оппозиция» туралы, «Сайлау туралы» заңды Дариға Назарбаеваға бір сұрақ қоймастан, бірауыздан үнсіз қабылдады. (мен ДН-ның жанкүйері емеспін, бірақ заң бар).

Мұндай «идеал» сенаторлар барлық диктаторлардың арманы (ирония)... Үн-түнсіз отырған олардан тосын мінез күтілмейді.

Біз ҚР азаматы ретінде олардан Сенатта не істегендерін сұрай аламыз. Қанша дегенмен олар бір-бір облыстың өкілдері ғой. Қанша дегенмен сенатор атағы бүкіл әлемде мақтаныш пен беделге ие.

1. Рашит Әкімов Қайыржанұлы, Ақмола облысы,

2. Марат Тағымов Мырзағалиұлы, Ақтөбе облысы,

3. Аңсар Мұсаханов Тұрсынқанұлы, Алматы облысы,

4. Сәрсенбай Еңсегенов Құрманұлы, Атырау облысы,

5. Сергей Плотников Викторович, Шығыс Қазақстан облысы,

6. Мұратбай Жолдасбаев Сматайұлы, Жамбыл облысы,

7. Ерболат Мұқаев Рахметұлы, Батыс Қазақстан облысы,

8. Сергей Ершов Михайлович, сенат депутаты, Қарағанды облысынан қайта сайланады,

9. Серік Бектұрғанов Шыңғысұлы, Қостанай облысы,

10. Бекмырза Еламанов Қайыпұлы, Қызылорда облысы,

11. Михаил Бортник Михайлович, Маңғыстау облысы,

12. Манат Кубенов Шарапиденович, Павлодар облысы,

13. Ольга Перепечина Валентиновна, Сенат депутаты, СҚО дан қай сайланады,

14. Әли Бектаев Әбдікәрімұлы, Сенат депутаты, Түркістан облысынан қайта сайланды,

15. Серік Жақсыбеков Рыскелдіұлы, Нұр-Сұлтан қаласы,

16. Төлеубек Мұқашев Төлеуұлы, Алматы қаласынан.

P.S. Олар азаматтардың құқығы жайлы мәселелерді қалай шешеді? Олар біздің құқықтарымыз бен проблемаларымызды қажет ете ме? Мен парламенттің билік тармағы ретінде қоғамдағы орны мен маңызы туралы пікір алмасуды жалғастыра беремін.

Барлығы парламенттік республиканы жақтайды. Бірақ, біздегілердің сиқын қараңыз... Егер біз олардың жұмысына қазір баға беріп, сұрау салмасақ, онда бұл бассыздықтар әлі де жалғаса береді.

Бақытжан Төреғожина

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621