Жұма, 29 Наурыз 2024
Коронавирус 3695 4 пікір 22 Шілде, 2020 сағат 12:02

Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жасалды

Әлемге әйгілі www.aljazeera.com интернет басылымы Оксфорд коронавирус вакцинасын жасағаны туралы мәлімдеді. Мақала тақырыбы «Oxford coronavirus vaccine: Five things to know» қазақшаласақ: «Оксфорд коронавирус вакцинасы: білуге тиісті бес нәрсе». Мақалада төмендегі бес сұраққа жауап берген. Олар:

- «AZD1222» деген не?

- Нәтижелер нені көрсетті?

- Әсері қандай?

- Келесісі қалай болады?

- Тағы қандай вакциналар жасалуда?

Енді осыларға берген жауаптарды талдап көрейік.

«AZD1222» деген не?

Бұл жаңа вакцинаның аталымы. Ол шимпанзеде кездесетін қарапайым вирусқа жаңа коронавирустың генетикалық заты гликопротеинді  қосу арқылы жасалған. Вакцина Ұлыбританияда биыл сәуір және мамыр айларында 18 жас пен 55 жас арасындағы 1077 еріктіге сынақ жүргізуден басталған.

Нәтижелер нені көрсетті?

Сынақ жасалған еріктілердің 91 пайызы сынақтан соңғы бір ай ішінде вирусқа қарсы денелерді қалыптастырып, жұғымдалуға қарсы иммунитет қалыптастырған. Бұл антиденелер вируспен ауырып шыққан адамдарда болатын антиденелермен шамалас болған.

Келесісі қалай болады?

Бұл вакцина адамдардың иммундық жүйесін барынша көтеруге бағытталған. Ал вакцинаны жаппай өндіру және оны әлемдік деңгейде  тарату адамдарда клиникалық сынақтардың үш кезеңінен (кейде төрт кезеңінен) өтуді талап етеді. Демек, бұл оның алғашқы сатысы болып табылады. Бірақ, 600 мың  шамасындағы адамдардың өмірін жалмап, әлемдік экономиканы тығырыққа тіреген вирустың салдары жағдайында бұл әлем халқы үшін жағымды жаңалық болып табылады.

Тағы қандай вакциналар жасалуда?

Оксфорд дайындаған бұл вакцина әлемдегі 150 вакцинаның бірі, бірақ мамандар оны ең дамыған, қауіпсіз әрі пайдалы түрі ретінде бағалап отыр. Естеріңізде болса, мен биыл наурыз айында «Вакцина «соғысы» - адамзаттың ақырзаманы ма?» -атты мақаламды жариялаған едім (интернеттен тауып аласыздар), сол мақаламда: Әлемде вакцина жасайтын алпауыттар кімдер? Олардың вакцинадан табысы қандай? COVID 19 вакцинасын жасауға кімдер атсалысып жатыр? Мақсаты мен міндеті не? Біз не істеуіміз керек? Болашақта вакцина "соғысы" жаңа дәуірдің бастамасы немесе адамзаттың "ақыр заманы" болуы мүмкін деген болжамдарды талдап жазған едік. Сол мақалада жазғанымыздай  АҚШ-тың Pfizer мен Қытайдың CanSino Biologics компаниясы да осы дүйсенбіде өздерінің өнімдері туралы жағымды жаңалықтарымен бөліскен болатын. АҚШ-тың Pfizer компаниясы әлемдегі вакцина өндіретін 4 негізгі кәсіпорынының бірі. CanSino Biologics 2009 жылы Қытайдың Тяньцзинь қаласында тіркелген. Ұлттық фармацевтикалық жетекші жоғары технологиялық кәсіпорын. Компания жұқпалы аурулар мен жұқпалы аурулардың алдын-алуға бағытталған  вакциналарды зерттеу мен әзірлеуге, өндіруге және сатуға мамандан.

Вакцина жасау - үлкен қаржы мен жоғары ғылым мен техниканы, білікті мамандар мен мол тәжірибені талап ететін ғылыми шаруашылық. Алайда, зор көлемдегі жойғыш құралдарын жасаудан көрі, көзге көрінбес вирустарды жасау арқылы әлемге үстемдік етудің, билік пен байлықа ие болудың жаңаша тәсілі осы вирус зерттеу саласы болары болашақта бек мүмкін. Вирустың қандай қауіпті екенін көріп отырмыз. Жат ниетті адамдар, елдер жағынан жасалған мақсатты вирустар қала мен даланы қиратпай-ақ тұтас халықты жер бетінен жоқ етуге құдіреті жететін  көрінеді. Сол үшін отандық ғылым мен білім беруде үлкен әрі түбегейлі өзгерістер қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) кез-келген өміршең вакцинаны жасауға қолдау көрсетіп отыр. Бірақ, талабы сол жасалған вакцина барлық елге қол жетімді болуы керек. Біздің ел Ресейдің жасайтын вакцинасына үміт артып отыр. Басқа елдің де вакцинасына назар аударғаны жөн. Ең бастысы, өзіміздің де ғылыми зерттеу орындарымыздың төл вакцина жасауына жағдай жасалуы тиіс.

Қастер Сарқытқан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618