Сенбі, 20 Сәуір 2024
Коронавирус 9209 10 пікір 21 Шілде, 2020 сағат 15:49

Ауылда коронавируспен мал дәрігерлері күреседі

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Үкіметтің селекторлық отырысы өтті. Аталған жиналыста денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирупен күрестің қазіргі ахуалы жайлы баяндама жасады.

Жағдай тұрақтана бастады

Министрдің айтуынша, соңғы аптада COVID-19-пен ауыру және одан өлім-жітім санының тұрақтану беталысы байқалады. Ауруға шалдығу деңгейі тәулігіне 1500-1600 адам мөлшерінде.

«Ағымдағы айдың үш аптасында жалпы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мың инфекциялық және провизорлық төсек-орынға дейін ұлғайтылды. Төсек-орын қорының өсуі 19,3 мың бірлікті құрады. Оның ішінде қосымша 5,3 мың инфекциялық төсек-орын қарастырылды. Осының арқасында мұқтаж пациенттерге медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артты», - деді А. Цой.

Емханада орын жетіспеушілік азайды

Провизорлық стационарларда қосымша ашылған 14 мың төсек-орын есебінен қамтудың қиын деңгейінен (89%) 20%-ға төмендеді, қазір бұл көрсеткіш 69%. Қазіргі таңда реанимациялық төсек-орынның бос болмауы - 67%. Карантин енгізілгенге дейін бұл көрсеткіш 91% құраған еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, қазіргі кезде COVID-19 және пневмонимен ауырған пациенттерді емдеу үшін қажетті стационарлық төсек-орындар саны жеткілікті.

«Бүгінгі күні инфекциялық және провизорлық стационарларда 1 958 ӨЖЖ аппараты бар, әкімдіктермен бірлесіп қосымша 4 183 аппарат сатып алынады (оның ішінде 3105 отандық тауар өндірушіден), сондай-ақ 21 мыңнан астам төсек-орын оттегіге қосылады, оның ішінде 17 762 төсек-орын оттегі концентраторларымен, 6237-сі - демеушілердің есебінен оттегіге қосылады», - деді А. Цой.

Тәулігіне 32 мың ПТР тесті жасалады

Тәулігіне 32 мың тест өткізу қуаты бар 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. Бір рет пайдаланылатын медициналық үш қабатты масканың шекті бөлшек бағасы 28%-ға төмендетілді. Бірінші желі қызметкерлерінің (медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері) тамыз айын қоса алғанда жеке қорғаныш құралдарының резерві қалыптастырылды. Үкімет резервінен осы мақсаттарға 7,2 млрд теңге бөлінді.

«Олардың аясында 41 млн маска, 27 млн перчатка және 379 мың қорғаныш костюмдер, сондай-ақ 1,2 млн ПТР тестілер сатып алынады. Жеке қорғаныш құралдарының осындай резерві қыркүйектен бастап 2021 жылғы ақпанға дейін қалыптастырылады», - деді ведомство басшысы.

Ауылды жердерде ПТР тестерді жасауға мал дәрігерлері тартылады

Сонымен қатар, аудандық ауруханалар үшін отандық тауар өндірушілерден 53 рентген аппараты сатып алынады. Қосымша 3-4 ай ішінде 100 ПМК жеткізу жоспарлануда, олар ауыл тұрғындарын кешенді тексеруден өткізу үшін барлық қажетті жабдықтармен толықтырылатын болады.

Мемлекет басшысы зертханалық зерттеулердің қуатын күніне 40 000 ПТР-тестілерге дейін жеткізуді тапсырды, демек 100 мың тұрғынға 215 тест қарастырылады деген сөз. Бүгінгі таңда тестілеудің нақты қуаты тәулігіне 32 мың зерттеуді құрайды. Демек, мұны тәулігіне тағы 8 мыңға өсіру керек.

Мәселені шешудің келесі жолдары әзірленді:

Бірінші. 1 тамыздан бастап ветеринарлық қызметтің 67 маманын тарта отырып ветеринарлық қызметтің зертханаларын пайдалану. Осы мамандардың көмегімен күніне 5 200 тест зерттеуін жасау (26 ПТР жабдығы). Осылайша, өңірлерде ПТР тестілеу тапшылығы Ауыл шаруашылығы министрлігінің зертханалары есебінен теңестірілетін болады.

Екінші. ПТР жабдығының 20 жиынтығын және жабдықталған 8 жылжымалы зертхананы, оның ішінде мобильді зертхананы сатып алу – 20,5 мың (тәулігіне 4,8 мың зерттеу) сатып алу. Жеткізудің болжамды мерзімі – 30 тамыз

Үшінші. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында модульдік зертханалардың қуатын 8 мыңға ұлғайту.

Министр Цойдың сөзіне қарағанда, ПТР тестін тапсыру жұмысын жеделдету үшін, ауылды жерлерде мал дәрігерлері көмекке келетін секілді. Осылайша, АШМ зертханаларын тарту арқылы 1 тамызға қарай тәулігіне 35,6 мыңға жуық тест өткізу жоспарланған. Министрлік аталған тестілеу жұмыстары үшін бюджеттен 42 млрд теңге, ал жаңағы 67 мал дәрігері маманының іссапар ақысын төлеуге 170 млн теңге сұрап отыр.

Abai.kz

10 пікір