Сенбі, 20 Сәуір 2024
2964 2 пікір 16 Шілде, 2020 сағат 15:04

Ердоған Әзірбайжанды қолдайтынын айтты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжанның жері мен құқықтарына қол сұғуға қарсы екенін айтты. 

Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстарға түсініктеме берген түрік басшысы: «Түркия Арменияның дос және бауырлас Әзірбайжанға жасаған шабуылдарын қатаң айыптайды» деді.

Оның айтуынша,Түркия «Таулы Қарабах пен оған іргелес жатқан аймақтарға байланысты жалғасып келе жатқан шиеленістер Армения тарапының жүйелі және ұқыпсыз шабуылдарына» әкелуі мүмкін деп алаңдайды.

«Арменияның соңғы шабуылдары екі елдің мемлекеттік шекарасында ауыр қару қолданумен орын алды. Яғни, бұл шекараны немесе қақтығыстарды бұзу әрекеті емес, Әзірбайжанға қарсы қасақана ашық агрессия»,-деді Ердоған.

Түркия президенті бұл «Армения деңгейінде орындалмайтын әрекет» екенін атап өтті. Және ол Әзірбайжанға қатысты «кез-келген агрессияға қарсы» екенін мәлімдеді.

Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар да Әзірбайжанды қолдайтынын айтқан.

«Біз армян тарапының шабуылдарын қатаң айыптаймыз. Әзірбайжанның қасіреті біздің де қасіретіміз. Біз бауырлас халқымызға терең қайғырып, қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз», - деді министр.

Акар «Түркия мен оның әскері Әзірбайжан жерлерінің бір бөлігін, соның ішінде Таулы Қарабақты басып алған Арменияның агрессиясына қарсы күресте Әзірбайжанға қолдау көрсетуге дайын» ​​деді.

Айта кетейік, 12 шілдеде Армения-Әзірбайжан шекарасында соғыс  басталды. Олар оқ атуға қатысты кінәні бір-біріне итермелеуде. Екі жақта да ондаған адам қаза болды.

Abai.kz

2 пікір