Жұма, 29 Наурыз 2024
2513 3 пікір 16 Шілде, 2020 сағат 10:56

Әзербайжан мен Армения қатынасы шиеленіскен тұста Бакуде митинг өтті

Әзербайжан мен Армения қарым-қатынасы шиеленіскен тұста, 14 шілдеде кешке Бакуде рұқсат етілмеген митинг өтті.

Акцияға қатысқан жүздеген адам қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті, деп хабарлады ВВС.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, акцияға қатысушылар "Біздің Қарабах", "Әскер жасасын", "Сарбаздар, алға", "Бас қолбасшы, қол жина" деп ұрандатқан.

Түнгі сағат 4 шамасында олар парламент ғимаратына кіруге талпынды, деп хабарлады "Тұран" агенттігі. Полиция водомет және көзден жас ағызатын газ қолданған. Ондаған адам ұсталған.

Report.az​ агенттігінің хабарлауынша, осындай акциялар Әзербайжанның басқа да қалалары мен аймақтарында өтті.

15 шілдеде таңертең Әзербайжан билігі елдің қарулы күштері көрші елмен шекарада Арменияның тағы бір әскери нысанының көзін жойғанын хабарлады.

Арменияның сыртқы істер министрлігі өткен түнде екі елдің шекарасында артиллерия қолданылмағанын хабарлады. "Армян-әзербайжан мемлекеттік шекарасының солтүстік-шығысында түнгі сағат 00:15-тен осы сәтке дейін айтарлықтай тыныш болды", – деп жазды 15 шілдеде таңертең Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян фейсбуктегі парақшасында.

Степанянның айтуынша, 14 шілдеде кешке Арменияның қарулы күштері Әзербайжанның екі қашықтан басқарылатын ұшағын атып түсірді.

Армения мен Әзербайжан 12 шілдеде шекарада оқ ашты деп бір-бірін айыптады. Оқиға екі ел арасындағы шекараның Товузх айданында болған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565