Жұма, 19 Сәуір 2024
2598 3 пікір 14 Шілде, 2020 сағат 12:14

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды. Бұл мәліметті министрліктегілер растады.

Өлімнің себебі нақты айтылмады. Ведомство өкілдері кейінірек мәлімет беруге уәде берген.

Бақыт Құрманбаев бұл қызметке 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.

Бақыт Құрманбаев 1970 жылы 21 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірген. 2005 жылы РФ Құрлық әскерлерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясында білім алды. 2008 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясының жоғары академиялық курстарынан өтті.

Әр жылдары физика пәнінің мұғалімі, Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитеті департаментінің басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған, генерал-майор.

Abai.kz

3 пікір