Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 7123 10 пікір 14 Шілде, 2020 сағат 12:11

Адам құқығын бұзған шенеуніктердің «қара тізімі» жасалады

Қазақстанда азаматтық құқықты өрескел бұзатын шенеуніктердің қара тізімі жасалады. Бұл туралы танымал кәсіпкер және құқық қорғаушы Барлық Меңдіғазиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Freedom Kazakhstan» қоры Қазақстанның белсенді азаматтарына қаржылық және құқықтық көмек көрсетеді. Аталған қордың Қазақстандағы негізгі миссиясы екеу екен:

Біріншісі, әр түрлі демократиялық партиялар мен қозғалыстарға мүше болғанына қарамастан, Қазақстанның барлық саяси тұтқындары мен саяси қуғынға ұшыраған азаматтарына мақсатты қаржылық және құқықтық көмек көрсету;

Екіншісі, азаматтық құқықтарды өрескел бұзатын барлық мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктердің қара тізімін жасау.

(Суретте Барлық Меңдіғазиев)

Меңдіғазиев бұл қордың коммерциялық емес және мемлекетке тәуелді болмайтынын айтады.

«Маған мұндай азаматтық әрекетке баруға не түрткі болды? Меніңше, Қазақстан халқы белгілі бір дәрежеде елімізде болып жатқан экономикалық, әлеуметтік және саяси бейберекетсіздіктерге жауапты.

Себебі, халық Назарбаев президент болған 30 жылда енжар болды. Егер бұл енжарлық әрі қарай да жалғаса берсе, біз тек экономикалық қана емес, сонымен бірге мәдени тоқырауға ұшыраймыз», - дейді құқық қорғаушы.

Меңдіғазиев мырза «Freedom Kazakhstan» қоры жеке кәсіпкерлер және ерікті азаматтардың көмегімен жұмыс істейтінін айтыпты.

«Freedom Kazakhstan» - Қазақстанда еркін азаматтық және демократиялық қоғам құрылғанша жұмыс істейтін уақытша ұйым. Қор туралы барлық ақпарат ашық болады. Және ондағы шешімдер қор кеңесінің ақылдасуымен қабылданады», - дейді ол.

Меңдіғазиев мырзаның айтуынша, қазірдің өзінде саяси қуғынға ұшыраған азаматтарға көмектесу үшін, аталған қорға 50 мың доллар қаржы аударылған екен.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577