Жұма, 29 Наурыз 2024
2523 1 пікір 14 Шілде, 2020 сағат 10:17

ДДҰ: Қазақстандағы белгісіз пневмония COVID-19 болуы мүмкін

ДДҰ бас өкілі Кэролайн Кларинваль Қазақстандағы белгісіз пневмония COVID-19 болуы мүмкін екенін айтты. 

Алайда ол әзірше асығыс шешім қабылдамауға шақырды.

"Иә, маусым айының басынан бастап пневмония жағдайлары көбейді, бізге осы жағдайды анықтауды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі де осымен айналысып жатыр. Бұл хабарламалар БАҚ тарапынан үлкен назарға ілінді, бірақ біз қорытынды жасамас бұрын деректерді жинап, оларды талдауға тиіспіз. Мен доктор Райанның айтқанын қайталаймын: бұл COVID-19. Кейбір пациенттер көмекке кеш жүгінді, оларда пневмония белгілері бар болса, бірақ біз әзірге вирустың бар-жоғын анықтай алмаймыз.

Сондай-ақ, жергілікті зертханалардың мүмкіндіктерін анықтау қажет. Біз кейде жалған теріс нәтижелер болатынын білеміз. ДДҰ елге зертханалық зерттеулер саласындағы сарапшылар тобын жібереді. Мұнда түрлі себептер болуы мүмкін, бірақ ең бастысы - қорытынды шығаруға асықпаңыз, себебі бізде әлі қажетті барлық ақпарат жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан Қазақстандағы "белгісіз" пневмония коронавирус болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарған болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3611