Жұма, 19 Сәуір 2024
1931 0 пікір 14 Шілде, 2020 сағат 10:09

Қырғызстанда "Сайлауға бойкот" акциясына шыққан үш азамат ұсталды

13 шілдеде "Сайлауға бойкот" акциясына шыққан үш азамат ұсталып, олардың үстінен билікті басып алуға ашық шақырды деген бап бойынша тергеу бастаған. Бұл жөнінде Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда ІІМ тергеу қызметі билікті басып алуға шақырған үш факт бойынша тергеу бастағаны айтылады:

"16 маусымда WhatsApp мессенджер мен әлеуметтік желі арқылы белгісіз адам азаматтарды 1 шілдеде Жогорку Кеңеш ғимараты жанына жиналып, қазіргі билікті құлатуға шақырған аудиожазба таратты;

17 маусымда WhatsApp мессенджеріндегі "Чон-Казат" тобындағы бір адам "Ақ үйді 120 депутатпен қоса өртеп жіберу керек" деген аудиожазба таратқан;

6 шілдеде Facebook қолданушысы М. А. деген азамат 5G қаупін айтып, Кавказ халқы антеннаны өртеп жатыр деп, ел билігін сынға алған".

ІІМ мәліметі бойынша, жоғарыдағы хабарлардың тарауына 13 шілдеде "Ала-Тоо" алаңына шыққан үш азаматтың тікелей қатысы болуы мүмкін.

13 шілдеде Жогорку Кеңеш ғимараты алдында "Сайлауға бойкот" акциясы өткен. Оның қатысушылары парламент сайлауын кейінге шегеруді талап еткен. Акцияға шыққан азаматтарды ұстап, түсіндіру жұмысынан кейін босатқан.

Abai.kz

0 пікір