Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 8326 0 пікір 25 Қараша, 2011 сағат 06:27

АҚШ - Ресей: «қырғи қабақ соғыстың» қарсаңында тұр ма?

«Қырғи қабақ соғыс». Кейінгі 10 - 15 жылдың шегінде ұмытыла бастаған сөз еді. 1960 жылдардан 1990-ға дейін әлгі сөз АҚШ пен КСРО арасындағы салқындықты білдіретін саяси термин ретінде қалыптасқан болатын. 1990 жылдан бері қарай жылымық орнап КСРО-ның құрамындағы отар елдер дербестігін жариялай жөнелген тұста «қырғи қабақтарда» қатқан мұз еріп демократиялық құндылықтар мәселесі күн тәртібіне қойылғанын білеміз. Содан болса керек, «демокртаия аралы» АҚШ-қа  аусарымыза да ерекше ауды. Бірақ, империялық үстемдіктің дәмін бір рет таттқан мемлекет бұрынғы пиғылынан оңай бас тарта қоймайды екен. КСРО-ның заңды мұрагері атанған Ресей сол 1990 жылдардың басында-ақ дегеніне дем шығармай көне кететін экс-ксрошыл республикаларды тізеге салып отырып ұжымдық қауіпсіздік келісімін бектікен.  Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне мүше елдің бірі - бізбіз. Беларуссия мен Қырғызстан да аталған келісімнің аясында. Ұжымдық қауіпсіздік кейін Ұжымдық қауіпсіздік келісім туралы ұйымға айналды (Организации Договора о коллективной безопасности (ОДКБ).

АҚШ-тың республикашыл-сенторы Джон Маккейіннің ойынша бүгінге дейін сырын ішіне бүккен әлгі ұйым Ресей мен құрама штаттың арасына салқынын тигізіп жатқан көрінеді. Сентордың себепке алып отырғаны РФ президенті Медведевтің зымырандарға қарсы қорғаныс (Противоракетная оборона (ПРО) жүйесіне байланысты пікірі болса керек. Медведев зымырандарға қарсы қорғаныс жүйесі Ресейде де құрылуы керек дейді. Бұынмен қоймай Медведев АҚШ еуропалық  зымырандарға қарсы қорғаныс жүйесін жақтайтын болса, РФ СНВ-3-тің (стратегических наступательных вооружений) құрамынан шығатынын ашық айтуда. Бұынмен де шектелмей Медведев Қазақстан,  Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан, Беларуссия мен Армения мүшесі болып табылатын  Ұжымдық қауіпсіздік келісім туралы ұйымды ТМД елдерінің есебінен еселей түсу қажеттігін ескертіп те қойды. Ресей қазір Әзербайжанның Ғабал қаласындағы радиолокационнды стансаға көз сұғын қадап отыр. Ғабалдағы станса 1985 жылы соғыс қауіпін ескеру үшін салынған үздік он стансаның бірі екен. «Қазір ресми Бакумен арамызда келіссөз жүріп бастады» дейді Медведев РИА агенттігінің тілшісініе берген сұхбатында. Медведев РФ қорғаныс министріне Калининград қаласын зымырандар шабуылынан қорғайтын сақтық шараларын күшейту қажеттігін де тапысырып үлгеріпті.

Антиорысшыл сенатор Маккейн АҚШ Ресейге тым жақындай бермеуі керек, Ресей қазір АҚШ-қа анық қауіп төндіріп тұр деп жазады Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасын пайдаланып. Расында солай ма?  Солай болған жағдайда ұжымдық қауіпсіздік ұйымының белсенді мүшесі Қазақстан қай жаққа шығады? АҚШ пен арадағы стратегиялық әріптестікті қай бағытта түзеді? Басты сұрақ: қырғи қабақтанып қалған екі мемлекет Қазақстанды қай қырына алар екен?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499