Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3249 0 пікір 25 Қараша, 2011 сағат 06:14

Алматы метросындағы жолақы бойынша жеңілдіктер болмайды - әкімдік (толықтыру)

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Алматы метросындағы жолақы бойынша әзірге жеңілдіктер болмайды, жүру құны жолаушылардың барлық санаттары үшін Т80 болады, деп хабарлады Алматының жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренков.

«Әкімдік ТМД-ның ірі қалаларындағы өмір сүру деңгейімен салыстырғандағы Алматы қаласындағы өмір сүру деңгейін ескеріп, метрополитен шығындарын субсидиялау тетіктері үшін заңнамалық базаның жоқтығын, метрополитендегі жолақыға түрлі жеңілдіктер қолдану тетіктерінің жоқтығын ескере отырып, ешқандай жеңілдіктерді қолданбастан, 80 теңге көлемінде уақытша тариф белгілеуді шешті», - деп хабарлады В.Меренков жұма күні брифингте.

Оның айтуынша, тарифті есептеу барысында әкімдік метрополитеннің 15%-дық жүктемесін ескерді, ондай жағдайда бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құны Т407құрайды.

«2012 жылы метрополитеннің жұмысын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінді», - деді В.Меренков.

Алдын ала есепке сәйкес, поездар қозғалысы кестесінің негізінде метрополитеннің жолаушылар ағыны күніне шамамен 25 мың адамды құрайды, деді ол. «Метрополитен жолаушыларына әрқайсысы 4 вагоннан тұратын заманауи электр поездардың 7 құрамы қызмет көрсетеді. Бір құрамға 940 адам сияды. Бірінші кезеңде 3 құрам жұмыс істейді. Резерв құрам жолаушылар ағыны артқанда іске қосылады», - деді ол.

Алматының жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасының мәліметтерінше, метрополитеннің бірінші кезегінің бірінші желісінің құны - Т165,9 млрд, бұдан басқа бірінші желіні солтүстік бағытта жалғастырудың техника-экономикалық негіздемесі жасалды.

«Алматы метрополитенін ары қарай дамыту бойынша ТЭН жасалды, онда бірінші желіні солтүстік бағытта Райымбек даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысындағы Райымбек станциясынан Алматы-1 станциясына дейін жалғастыру қарастырылған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, Алматы метрополитенінің ашылуы 1 желтоқсанға жоспарланған.

0 пікір