Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 3425 12 пікір 13 Шілде, 2020 сағат 12:25

Ең негізгі мәселе - әділеттілік!

Сұм вирустан қаза болған барша азаматтар, алыс-жақын туғандарымыздың алдында бас иеміз!

Ел аман, жұрт тынышта қаншама қандастарымыздан айрылып қалдық!
Өкінішті, қайғылы, сорақы!

Бұл вирустың өзі еліміздегі ең негізгі мәселе әділеттілік екендігін анықтап берді!

Әділетті қоғамда адамдар дәрі-дәрмек ізеп сабылмайды!

Әділетті қоғамда билік пен мемлекет өзінің азаматтарының денсаулығы мен өмірі үшін күреседі!

Әділетті қоғамда, ықпалдастық пен бауырмалық болады!

Сондықтан, бұл вирусты жеңгеннен кейінгі негізгі мәселе- әділеттілік, бауырмалық, рухани тазалық үшін күресу!

Бірлік, әділеттілік, бауырмалық басты бағыт!

Ерлан Саировтың жазбасы

Abai.kz

12 пікір