Жұма, 29 Наурыз 2024
2344 0 пікір 13 Шілде, 2020 сағат 12:22

Індеттен көз жұмған екі дәрігерге мемлекеттік медаль берілді

ҚР Президенті Тоқаевтың Қаулысымен коронавирус індетімен күресте қайтыс болған екі дәрігерге мемлекеттік медаль берілді. Бұл туралы Ақорда сайты жазды. 

Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

Исаев Олег Николаевич (марқұм) - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) - Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирустан 375 өлім тіркелген. 7-12 шілде аралығында 111 өлім расталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576