Жұма, 26 Сәуір 2024
Дидар-ғайып 5210 3 пікір 13 Шілде, 2020 сағат 10:36

Біз сіздерді ұмытпаймыз! (Қаралы тізім)

Бүгін Қазақстанда пандемия құрбандарын еске алу күні. Ұлттық аза тұту күні.

Министрліктің мәліметі бойынша елімізде індет жұқтырғандар саны 60 мыңға жуықтапты ( 59 899 адам). Коронавирустан қайтыс болғандар - 375 адам. Бұған қоса, елімізде пневмония да өршіп тұр. Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың алғашқы алты айында 98 мыңнан астам адам пневмронияға шалдыққан. Жүздеген адам сол пневмониядан қайтыс болған.

Күні кеше ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда өршіп тұрған пневмонияны - COVID-19-дың өзгерген түрі ретінде қарастырды. Сондықтан пневмониядан қайтыс болғандар санын коронавирус құрбандарының санына қоса есептеу керек-ті. Әзірге бұл есеп бізде бөлек-бөлек жасалып жатыр.

COVID-19 індетінің жылдам таралуына байланысты жарияланған пандемия кезінде Қазақстанстанда жүздеген адамның қайтыс болғанын жоғарыда айттық. Олардың диагнозы әртүрлі. Бірінде коронавирус болса, енді бірінде пневмония...

Жуырда Азаттық сайты «пандемия кезінде кімдерден айырылдық» атты жалпы халықтық акция бастаған еді. Бұл акция дәл осы алағай да бұлағай кезде коронавирустан немесе пневмониядан қайтыс болған азаматтардың тізімін жасауды, сол арқылы марқұмдарды еске алуды мақсат тұтқан еді.

Біз бүгін соңғы 1-2 айда коронавирустан, пневмониядан немесе өзге де дерттен қайтыс болған жазушы, журналис, ғалым, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, мемлекеттік қызметшілердің тізімін ұсынып отырмыз.

Ескерту! Бұл толық тізім емес. Марқұмдардың иманы саламат болсын! Артында қалғандарға сабыр берсін!

Қаралы тізім

Қуандық Шамахайұлы: Жауабы мәлім сұрақты қою – ұят

Қуандық Шамахайұлы

Жазушы. Журналист

1961 жылы туған - Маусым. 2020 жыл. 

Сансызбай Бекболатов

Қазақстанның Мәдениет қайраткері

1955 жылы туған – Маусым. 2020 жыл. 

Көпжасар Нәрібаев

ҚР ҰҒА Академигі

03.06.1938 - Маусым. 2020 жыл.

Жазушы шеберлігі – Рухтың тірілуі

Жанат Ахмади

Жазушы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

15.10.1943 – Маусым. 2020 жыл. 

Ғабдикамал (Камал) Қоңқараев

Танымал сиқыршы

28.05.1956 – Маусым. 2020 жыл.

Ибадулла Үмбетаев

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының академигі, мақтаның қазақстандық сортын ойлап тапқан белгілі ғалым. Қазақстанның еңбек сінірген қайраткері

15.04.1951 –  Маусым. 2020 жыл.

Кеңес Дүйсекеев

Композитор. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

10.02.1946 - Шілде. 2020 жыл.

Берік Исмаилов

Дизайнер

15.03.1969 - Шілде. 2020 жыл.

Еділ Ерғожин

ҚР ҰҒА Академигі. Мемлекеттік сыйлықтың иегері

07.11.1941 - Шілде. 2020 жыл.

Жолдасбек Дуанабай

Журналист

Шілде. 2020 жыл. 

Сайрамбай Дөненбаев

Қазақстанның Еңбек Ері

01.04.1965 - Шілде. 2020 жыл.

Жалғас Кеңесов

Композитор. Қазақстанның Мәдениет қайраткері

01.03.1959 - Шілде. 2020 жыл.

Дархан Дайырбек

Теактр және кино актері

1968 жылы туған - Шілде. 2020 жыл.

Қалдыбай Әбенов

Кинорежиссер

01.01.1951 – Шілде. 2020 жыл.

Сламбек Жұмағали

Қазақстанның Мәдениет қайраткері

15.05.1956 - Шілде. 2020 жыл. 

Media Tweets by KAIRAT DUISSENOV-PARMAN (@_1463550226703) | Twitter

Қайрат Дүйсен-Парман

Ақын. Сазгер

07.01.1964 – Шілде. 2020 жыл.

Қырықбай Аллаберген

Тарих ғылымының докторы. Журналист

Шілде. 2020 жыл.

Клара Кекілбаева

Әбіш Кекілбаевтың жары

1941 жылы туған – Шілде. 2020 жыл. 

Жанат Халықов

Журналист

1967 жылы туған – Шілде. 2020 жыл.

Диас Омаров

Белгілі спортшы. Спорт комментаторы

20.10.1940 - Шілде. 2020 жыл.

Қайрат Баймұхамедов

Алматы облысы Бас санитарлық дәрігері

Шілде. 2020 жыл. 

Серікжан Бескемпіров

Алматы облысы әкімінің орынбасары

01.01.1960 – Шілде. 2020 жыл.

Талғат Орманов

Жазушы. Журналист

11.04.1961 – Шілде. 2020 жыл.

Әбдіғаппар Сманов

Дін ғалымы

22.02.1970 – Шілде. 2020 жыл.

Мұрат Мұқашев

Актер әрі Nomad Stunts тобының каскадері.

1968 жылы туған – Шілде. 2020 жыл.

Белгілі тілтанушы ғалым Рәбиға Сыздық қайтыс болды

Рәбиға Сыздықова

Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА академигі

1924 жылы туған - Шілде. 2020 жыл. 

Скончался известный казахстанский ринг-анонсер » Vesti.kz

Аман Әжібаев

«Қазақ боксының Левитаны» атанған әйгілі ринг-диктор (ринг-анонсер).

Шілде. 2020 жыл. 

Қалихан Қозыбағаров

Ақтөбе инфекциялық ауруханасының бас дәрігері

1960 жылы туған - Шілде. 2020 жыл.

Сапар Иманғалиұлы Оспанов

Философия ғылымдарының докторы, профессор

1949 жылы туған – Шілде. 2020 жыл.

Абдулла Сапарұлы Сапаров

ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшесі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор

21.05.1949 – Шілде. 2020 жыл.

Фото: Жетісу газеті

Гүлжиян Сүлейменова

Мемлекет және қоғам қайраткері. "Кәсіпкер" республикалық журналының бас редакторы

1953 жылы туған - Шілде. 2020 жыл.

Зиядин Саябек

Экономика ғылымының докторы. Профессор

Шілде. 2020 жыл.

Қайрат Мамаділ

Тілші-педагог, оқу-ағарту ісінің білікті ұйымдастырушысы

Шілде. 2020 жыл.

Фото:facebook.com/mustafina.mira

Мира Мустафина

Журналист

Шілде. 2020 жыл. 


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетімен күрес жолында қаза болған медицина қызметкерлерінің тізімін жариялады.

«Қатыгез, әлі зерттелмеген бұл індеттен көз жұмғандар саны 375 адамнан асты. Олардың қатарында медицина мамандары - провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері бар.

Бұл еліміз бен отандық денсаулық сақтау саласы үшін үлкен, орны толмас шығын. Марқұмдардың әрқайсының адами, кәсіби маман, азамат ретінде орны бөлек еді», - делінген министрліктің хабарламасында. ⠀

Пандемия кезінде қайтыс болған дәрігерлердің тізімі:

Бекжан Серікбосынұлы Бұланов, 1974 ж. т. «Семей медицина университеті» КЕАҚ университеттік госпиталінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі (ШҚО).

Нұргүл Рамазанқызы Бәркібаева, 1970 ж. т. Медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей медицина университеті« КЕАҚ факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, университеттік госпиталь гастроэнтерология бөлімінің дәрігері.⠀

Айгерим Кәкімқызы Мұқашева, 1971 ж.т. Екібастұз қ. (Павлодар облысы) 3 поликлиниканың кіші медицина қызметкері

Гүлбаршын Хасенқызы Шәріпова, 1960 ж. т. «Поликлиника 1»  ЖШС орта буын медицина қызметкері (Павлодар облысы)

Лошманова Ольга Васильевна, 1972 ж. т. «Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК орта буын медицина қызметкері

Меркуленко Владимир Павлович, 1959 ж. т. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, морфологиялық зерттеулер орталығының санитары (Алматы қ.)

Егеубай Құлай, 1965 жылы туған. Байғанин аудандық ауруханасының орта буын медицина қызметкері (Ақтөбе облысы)

Айсауытов Болатбек Нақыбайұлы, 1968 ж. т. ҚР ДСМ Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының (Қызылорда облысы) ШЖҚ РМК Арал обаға қарсы күрес станциясы филиалының дәрігері

Алашбаев Бегалидин Байжонұлы, 1984 ж. т. Ұзынағаш кенті орталық аудандық ауруханасының дәрігері (Алматы облысы)

Олег Николаевич Исаев, 1967 ж. т. «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК дәрігері (Ақмола облысы) ъ

Байғабылова Сәуле Олжабайқызы, 1974 ж. т. ШЖҚ МКК Егіндікөл аудандық ауруханасы (Ақмола облысы) орта буын медицина қызметкері

Қожағалиев Олжабай Мұсаипұлы, 1959 ж. т. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталық« ШЖҚ МКК дәрігері

Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы, 1967 ж. т. «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК хирург дәрігері

Макарова Тамара Георгиевна, 1978 ж. т. «Ұзынкөл аудандық ауруханасы» КМК кіші медицина қызметкерлері (Қостанай облысы)

Новоселова Елена Анатольевна, 1965 ж. т. «Жітіқара аудандық ауруханасы»  КМК № 9 мектебінің медбикесі (Қостанай облысы)

Дәулетов Жұмабек Бағытұлы, 1956 ж. т. (еңбек өтілі 38 жыл 10 ай) №2 Атырау облыстық ауруханасының консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің инфекционисі

Папугина Елена Яковлевна, 1963 жылы туған (еңбек өтілі 22 жыл) Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы

Сұлтанғалиев Ғадлет Мамбетжанұлы, 1954 жылы туған (еңбек өтілі 38 ж 5 ай) Атырау облыстық ауруханасының рентгенолог дәрігері

Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы, 1964 ж. т. Алматы облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы, 1963 ж. т. Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Бұқар жырау аудандық ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы.

Күрекбаев Бауыржан Ордабекұлы, 1960 жылы туған. Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық диагностикалық орталық»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының меңгерушісі.

Мамаев Қасым Махмудұлы, 1959 ж. т. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық диагностикалық орталық»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының дәрігері

Садиев Орынбасар Әліпбекұлы, 1950 ж. т. Шымкент қаласындағы «№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК дәрігері.

Әуелбаев Тимур Айдарханұлы, 1976 ж. т. Шымкент қаласындағы «Жедел медициналық жәрдем станциясы»  ШЖҚ МКК фельдшері

Әбдіқұлова Мәриям Қабылбекқызы, 1966 ж. т. Шымкент қаласындағы «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі

Байменова Гаухар Аштайқызы, 1970 ж. т. Шымкент қаласындағы «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы»  ШЖҚ МКК аға медбикесі.

Тәжденова Ақзипа Насырқызы, 1962 ж. т. Шымкент қаласындағы «№1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі.

Abai.kz

3 пікір