Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3672 19 пікір 11 Шілде, 2020 сағат 13:53

Жолға бөлінген 700 миллиардты халық денсаулығы үшін жұмсау керек

Соңғы төрт - бес күннің ішінде өзім танитын қаншама таныс кісілер дүние салды. Алла имандарын жолдас етсін. Солардың мезгілсіз қазаларына өзімді де кінәлі санайтындаймын. Жүрегің ауырады. Мүмкіндігім келгенше дәріге каржы таппай қиналған таныс ағайындарға көмектесуге тырыстық. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолы емес екенін білемін.

СК Формация не істеп жатыр? Соңғы айларда короновирусқа қарсы республикалық бюджеттен бөлінген 24 млд. тенге неге жұмсалды? Елде дәрі тапшылығы неге орын алды? Бар дәрілердің бағасы неге қымбат?

Өз көзіммен көргенім қарапайым азаматтарымыздың көпшілігі керекті дәрі-дәрмек алуға мүмкіндігі жоқ екендігі. Сондықтан да Үкімет фармацевтика саласына қатаң тәртіп орнатуды тез қолға алуы керек. Мұны Президентіміз де айтты. Әрбір өңірде арнайы күндіз түні жұмыс жасайтын штаб құрылып, оның жұмысына облыс әкімдері тікелей басшылық жасауы қажет. Әкімдердің құрғақ цифрларға құрылған үндеулері мен прес-конференцияларынан пайда жоқ. Нақты іске көшу керек.

Көптеген жобаларды, әсіресе жолдарға бөлінген 700 млрд теңгеге жуық ақшаны халықтың денсаулығына қарай бұрған дұрыс. Жолдардан гөрі ұлт денсаулығы маңызды. Тұрмысы төмен отбасылары үшін індетті жеңгенше дәрілер тегін берілуі тиіс. Ұлт денсаулығы атқарушы орындардың сауатты, дер кезінде қолға алған іс- шараларына тікелей байланысты болатыны сөзсіз. Біз бір елміз, бір ұлтпыз. Сондықтан да осы бір қиыншылықтан ұлтымыздың аман өтетініне бірлесіп атсалысайық.

Мұрат Бақтиярұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

19 пікір