Жұма, 14 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 101372. Жазылғандар — 76756. Қайтыс болғандар — 1269
Жаңалықтар 737 1 пікір 9 Шілде, 2020 сағат 10:32

Терістеме

2017 жылдың 22 қарашасында Abai.kz ақпараттық порталында журналист Жайберген Болатовтың «Қостанайдың діни ұйымға мүше дәрігерлері не істеп жүр?» (https://abai.kz/post/62135) атты мақаласы жарияланды. Онда Қостанай қаласының тұрғыны Тимохина Наталья Алексеевнаның аты аталған. 2020 жылдың 9 шілдесіне дейін бұл мақала 4398 рет қаралған.

Бүгін (09.07.2020 ж.) Abai.kz ақпараттық порталының редакциясына ҚР Азаматы, Қостанай қаласының тұрғыны Тимохина Наталья Алексеевнадан талап-хат келіп түсті.

Онда: Abai.kz ақпараттық порталында жария болған мәліметтер «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «отзывы о заведениях» атты айдарында 2017 жылдың 26 қыркүйегінде жарық көрген мәліметпен бірдей екені көрсетілген (https://vk.com/wall-110933610_228518). Және Қостанай қалалық сотының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі материалдың шындыққа сәйкес келмейтіні туралы 12.03.2019 жылғы №3910-19-00-2/1459 Шешімін жолдаған.

Қостанай қалалық сотының 12.03.2019 жылғы №3910-19-00-2/1459 Шешімімен, Наталья Тимохинаның талаптарымен және материал мазмұнынымен жіті таныса келе, Abai.kz редакциясы ҚР БАҚ туралы Заңының 19 бабына  («Теріске шығару немесе жауап беру құқығы»), 19 баптың 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген талаптарды басшылыққа ала отырып, 2017 жылдың 22 қарашасында Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған «Қостанайдың діни ұйымға мүше дәрігерлері не істеп жүр?» атты мақаланың шындыққа сәйкес келмейтінін, осыған байланысты материалдың ашық қолданыстан жойылғанын хабарлаймыз!

Аталған мақалаға негіз болған мәліметтер сот шешімімен шындыққа жанаспайды деп танылған. Сондықтан, Abai.kz ақпараттық порталы талап-хат жолдаушы Тимохина Наталья Алексеевнаның діни нанымдарын қорлауды, оның сеніміндегі, Қазақстанда ресми тіркелген ұйымды қаралауды мақсат тұтпайтынын ескертеміз. Және талап-хат жолаушы Тимохина Наталья Алексеевнадан кешірім сұраймыз.

Редакция

Abai.kz

1 пікір