Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3084 3 пікір 9 Шілде, 2020 сағат 11:33

АҚШ прокуратурасы Қазақстан азаматына кибер қылмыс жасады деп 5 айып тақты

АҚШ прокуратурасы Қазақстан азаматы Андрей Турчинге компаниялардың, білім беру институттарының және үкімет органдарының компьютерлік жүйелерін бұзды деп айып тақты. Бұл туралы 7 шілде күні АҚШ прокуратурасы хабарлады.

Айыптау актісіне сәйкес, “fxmsp” деген лақап аты бар 37 жастағы Андрей Турчин – Қазақстанда тұратын хакер. Ол – қаржылай пайдаға кенелуді көздейтін киберқылмыс тобының мүшесі. Топ 2017 жылдың қазан айынан бері алты құрлықтағы 40 елде орналасқан 300-ден астам корпорацияның, білім беру институттарының, үкімет органдарының компьютер жүйелерін бұзып, жүйеге кіруге мүмкіндік беретін деректерді интернет-форумдарға сатылымға қойған. Аталған мекемелердің 30-дан астамы АҚШ-та орналасқан. Дерек құны бірнеше мың доллардан ондаған мың долларға дейінгі аралықта болған. Кейбір жағдайларда жүйеге заңсыз кіру дерегі 100 мыңнан астам долларға бағаланған. Зардап шеккен мекемелер жүйелерін рұқсатсыз пайдалану салдарынан ондаған миллион долларға шығынға батқан.

Forbes.com басылымы Group-IB киберқауіпсіздік компаниясына сілтей отырып, Турчиннің хакерліктен 1,5 миллион доллар тапқанын жазды.

Турчинге компьютер жүйесін бұзуға сыбайластық бойынша бір айып, компьютерлік алаяқтық және қиянат жасау бойынша екі айып, желілік алаяқтық жасауға сыбайластық және құрылғыны рұқсатсыз пайдалану бойынша екі айып, барлығы бес айып тағылды. Компьютер жүйесін бұзуға сыбайластық бес жылға дейін, компьютерлік алаяқтық пен қиянат жасау 10 және бес жылға дейін, желілік алаяқтық 20 жылға дейін, құрылғыны рұқсатсыз пайдалану 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.

Прокуратура күдікті тағылған айып сотта дәлелденбейінше кінәсіз екенін ескерткен. АҚШ прокуратурасы тергеу ісіне Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті көмектескенін мәлімдеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525