Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2219 0 пікір 9 Шілде, 2020 сағат 10:07

Қорғаныс министрлігі: Тікұшақпен у шашады деген ақпарат жалған

Қорғаныс министрлігі әскери тікұшақтар елді мекен үстінен дезинфекциялық заттар шашып жүр деп айтылған бейнежазбаға қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елді мекендерге дезинфекция затын шашу үшін әскери тікұшақтардың қолданылғаны туралы ақпарат айтылған видео пайда болды. Қорғаныс министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды", - деді ведомствода.

Әскери авиация техникасы дезинфекциялау жұмыстарына қолданылмайтыны, тек орман мен дала өрттерін сөндіру іс-шараларына жұмылатыны айтылды. Мұндай жағдайларда арнайы су төгілетін құрылғылар қолданылады. Олар бір затты шашуға арналмаған, тек қоймалардан су жинап, оны төгуге қолданылады екен.

"Қазақстан Әскери-әуе күштері ұшу құрамының дайындық жоспарына сәйкес, оқу-жаттығуға арналған ұшулар 2020 жылдың 2 маусымына дейін өтті, оның ішінде орман және дала өрттерін сөндіру және ірі көлемдегі жүктерді сыртқы аспа арқылы тасымалдау сияқты жаттығулар болды", - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір