Жұма, 29 Наурыз 2024
3624 5 пікір 8 Шілде, 2020 сағат 10:17

Белгілі актер Дархан Дайырбек қайтыс болды

Қалың көпшілікке "Терісқақпай" театры арқылы танылған актер Дархан Дайырбек қайтыс болды. Бұл туралы театр директоры Асқар Наймантаев әлеуметтік желіде хабарлады. 

«Қайтейін-ай! Алыста болып аңырап, жырақта жүріп жер сипап қалдым-ау, ағайын!
Жаным-оу, Дархан-оу, енді қайтем!

Таныстың бәрін жұмылдырсақ та тынысыңды аша алмадық қой... Жан досың, серігің Ұлан күндіз түні жоғыңды жоқтап, кергегіңді жеткізсе де араша бола алмадық... сенің жұтар бұр жұтым суың, терең дем алар ауаң бола алмадым...

Қабақ шытпай қиындықты жымиып жеңуші едің...
Сенің қателігіңді де қайталай алмаймыз ау енді.
Терісқақпайдың да қатары сөгілді халқым, оны енді бүтіндей алмаймын...
Бақұл бол!» ,-
деп жазды ол.

Актердың қазасы туралы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының өкілдері де мәлімдеді.

"Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрыныңТеатр артисі, кино актер - ДАРХАН ДАЙЫРБЕКТІ де арамыздан жұлып әкетті. Айтуға сөз жетпейді, қабырғамыз қайысып отыр.
1994 ж. Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын Н.Жақыпбайдың шеберлік класынан бітіріп, сол жылдан еңбек жолын осы, біздің театрдан бастаған; Елге дара талантымен: "Күлкі керуені", "Терісқақпай" әзіл-сықақ театрлары арқылы танылған, апталдай азамат, жарқыраған жақсы адам, дархан көңілді ДАРХАНымыз еді... Амал нешік... Бақұл болыңыз!", - делінген театр хабарында.

Айта кетейік, Дархан Дайырбек 1969 жылы туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. "Терісқақпай" комедия театрының әртісі. Отандық бірнеше фильмде басты рөлде ойнаған. "Әкім", "Құдалар", "Қазақша тонау", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабинка-2", "Бес күндік күйеу", "Мен күйеу баламын", т.б.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3582