Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Билік 5690 2 пікір 7 Шілде, 2020 сағат 13:01

Цой: Үйде болыңыздар!

ҚР Денсаулық сақтау министр Алексей Цой пандемияға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасап, үйде отыруға кеңес берген. Министр бұл туралы коронавируспен күреске байланысты құрылған Ведомствоаралық комиссияда айтқан.

«Коронавируске қатысты елдегі эпидемилогиялық ахуалға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды үйде отыруға шақырады. Оқшаулану мен басқа да профилактикалық шаралар коронавирус індетінің таралуына жол бермейді», - депті министрлік.

Сондай-ақ, жауапты министрлік азаматтарда індеттің алғашқы белгілері байқалып, учаскелік дәрігердің кеңесіне, көмегіне мұқтаждық туған жағдайда үйден шықпай-ақ, мемлекеттік қызмет түрлерін электронды үкімет порталынан алуға кеңес беріпті.

Министрліктің айтуынша, жергілікті емханаға тіркелу арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуды немесе дәрігерді үйге шақыруды онлайн режимде жасауға болады.

ЕGov порталы арқылы қызмет түрін қалай алуға болады? Министрліктің нұсқаулығы:

ЕGov порталы арқылы

;feature=youtu.be

Telegram желісі арқылы

;feature=youtu.be

Facebook желісі арқылы

;feature=youtu.be

VKontakte желісі арқылы

;feature=youtu.be

Abai.kz

2 пікір