Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3770 5 пікір 7 Шілде, 2020 сағат 12:47

Қазақстанда 28 мың адам пневманиямен ауырып жатыр

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы Қазақстан бойынша дәл қазір 28 мың адам пневмониямен ауырып жатқанын мәлімдеді. Олардың ішінде 330 адамның жағдайы ауыр. 

Алайда, ол 28 мың адамнан коронавирус инфекциясы табылмаған.

«Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгін ел бойынша станционарларда ПТР нәтижесі теріс пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Олардың 98,9%-ның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. 330 адамның жағдайы ауыр», - деп мәлім етті ол.

Бұдан өзге, елде қауіпті вируспен және тұмаудың әр түрімен ауырып жатқан 4 мыңнан астам адам тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Қазақстанда 600-ден астам адам осы пневмония, яғни, өкпенің қабынуынан көз жұмды.

Abai.kz

5 пікір