Жұма, 19 Сәуір 2024
2101 0 пікір 7 Шілде, 2020 сағат 11:24

Өзбекстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

Өзбекстан Қырғызстанға коронавируспен күресу үшін 8 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Бұл жөнінде Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімдемеге қарағанда, екі ел президенті арасында қол жеткізген келісімге сәйкес, гуманитарлық көмектің ішінде 50 мобилді оттегі концентраты, 100 дана жасанды тыныс алу аппараты бар.

Қырғызстан үкіметі Өзбекстанға көмегі үшін алғыс айтты.

Наурыз айынан бері Өзбекстан Қырғызстанға үшінші жолы гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Қырғызстан да өз кезегінде Өзбекстанға медициналық көмек жіберген.

6 шілдедегі көрсеткіш бойынша, Қырғызстанда коронавирус 7 691 адамнан анықталған, 92 адам қайтыс болды.

Abai.kz

0 пікір