Жұма, 7 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 95942. Жазылғандар — 68871. Қайтыс болғандар — 1058
46 - сөз 2734 2 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 12:01

Халықтың тағдырымен ойнауға болмайды!

Былтыр Астана-Алматы бағытындағы поезда, купеде дəрігер апаймен көрші болдым. "Бірде ауырғанымда қымбат дəрілер жазып берді. Ешқандай көмегі болмады. Осы кейбір қымбат дəрінің еш пайдасы жоқ. Керісінше кеңес кезінде шыққан арзан дəрілер тез əсер етеді" дедім. Дəрігер апай "Оның рас! Неге саған ол дəрігер қымбат дəрі жазып берді. Себебі, қазір дəрімен айналысатын əр компания емхананың, аурухананың бас дəрігерімен келісім жүргізеді. Бас дəрігер сол компанияның дəрісін өткізуге қол астындағыларға тапсырма береді. Себебі, бас дəрігер компаниядан қомақты сыйлық алады. Ал фармкомпания дəрісін өткізген дəрігерлердің карточкасына ай сайын өткізген дəрінің бес-он пайызын салып отырады" деп еді.

Дəрігер жазып берген дəріні ауырған адамдардың 97-98 пайызы алатыны анық қой.

Дəл қазір өзі де коронавирус жұқтырып, ауырып, халыққа жаны ашып, күндіз-түні ұйықтамай жұмыс істеп жатқан дəрігер көп екенін білем. Дəрігерлерге мың алғыс!!!

Өкініштісі, күні бүгінге дейін компаниялардың дəрісін саналы түрде өткізуді мақсат еткен дəрігерлер де жоқ емес. Олар қазір де ақша жасау мақсатында фармкомпанияның қымбат, өтпей жатқан дəрісін жазуы мүмкін. Халықтың тағдырымен ойнауға болмайды! Бұл өмірде халықтың қарғысынан ауыр қарғыс жоқ! Халыққа əсері бар, барынша арзан, қолжетімді дəрі жазу керек. Бір-бірін алмастыратын қымбат не арзан дəрінің əсері көп жағдайда бірдей болуы мүмкін.

Дəрі бизнесі - əлемде ең көп пайда əкелетін бизнес бойынша екінші орында тұрады. Астананы безендіруге 1 миллиардтан аса ақша кетеді дейді.
Халқың реанимацияда жатқанда қайдағы той, қайдағы қаланы безендіру?
Қаланы біздің сүйегімізбен безендіріңдер! Шығынсыз əрі əлемде жоқ декорация!

Аягүл Мантайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір