Дүйсенбі, 10 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 98701. Жазылғандар — 72273. Қайтыс болғандар — 1058
1186 5 пікір 4 Шілде, 2020 сағат 16:23

Дүниежүзілік банк Қазақстанға 500 миллион доллар береді

Дүниежүзілік банк Қазақстанға мал шаруашылығын дамыту үшін 500 миллион доллар береді. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылық министрлігі хабарлады.

«Дүниежүзілік банктің Директорлар кеңесі Вашингтонда (АҚШ) Қазақстан үшін дайындалған «Мал шаруашылығын тұрақты дамыту» жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдады», - деп жазылған министрлік ақпаратында.

Келесі қадам - ​​тиісті несие келісіміне қол қою. Болжам бойынша ол ағымдағы жылдың күзінде өтеді.

Жоба шарты бойынша республикаға мал шаруашылығын жан-жақты дамытуға 500 миллион АҚШ доллары бөлінеді. Банк әзірлеген жоспар 5 жыл ішінде - 2021 жылдан 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек. Осы кезеңде Қазақстан қоршаған ортаға теріс әсерін тигізбестен, мал етін өндірудің экспортқа бағытталған секторын дамытуға және көбейтуге міндетті.

Жобаны іске асыруда Қазақстан үшін мүлдем жаңа қаржы құралы - нәтижеге бағытталған бағдарлама (НББ) несиесі қолданылады. Бұл механизм қарыз алушыға қаражат келісілген нәтижеге жеткен кезде ғана төленетін болады.

Жобаның негізгі нәтижесі ветеринарлық қызметтер мен жануарларды тіркеуді жақсарту және ет саласы үшін тиімді агроэкологиялық саясат орнату.

Сондай-ақ, экспорт пен бәсекеге қабілеттіліктің тұрақты өсуі үшін бақылау жүйесі жасалады, ветеринария қызметі жаңғыртылып, сиыр етін өсірумен айналысатын фермерлердің біліктілігін арттыру  жүйесі құрылады.

Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру және ауыл тұрғындарының кірістерін арттыру мақсаты  көзделіп отыр. Бордақылау алаңдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын 20 мыңнан астам отбасылық фермаларды құруды қолдау жоспарда бар.

Abai.kz

5 пікір